Астанада 17 КТ-аппарат бар, бәрі де тәуліктік жұмыс режиміне көшірілді. Сондай-ақ, қалалық әкімдікпен тағы екі құрылғы алынды. Бұлар астанаға шілденің соңына дейін жеткізілмек.
Бұдан бөлек, қаладағы 14 мемлекеттік және екі жеке емханада өкпе ауруларын анықтай алатын рентген-аппараттар бар. Маусым-шілде аралығында барлығы 20 мыңдай көкірек қуысына зерттеу жүргізілді.
Компьютерлік томография пневмония мен COVID-19 тудыратын басқа да өкпе ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді.