Аталған компанияның биолог-энтомологы Айнагүл Дәулетиярова: «Біз үшін дезинфектордың денсаулығы маңызды. Санитарлық нормаға сай киінген. Қауіпсіздік сақталған, мұрнында респиратор, көзінде көзілдірік, басында бас киім, қолында қолғабы, үстінде мамандандырылған киімі мен аяқ киімі де бар. Тек қана дезинфектордың артынан түсірілгендіктен байқалмаған. Алайда, ерітіндіні шашу мезгілінде шашу техникасын бұзып, жүгіріп жүріп жасап қателік жіберді. Бұл жігіті біз түсіндірме жұмысын жүргіздік. Жұмысын жалғастырды», - деді.