RSS лента

Сасық иіс неге тек түнде шығады?!

  • 12.07.2024, 11:40,
  • 315
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Соңғы үш күн ішінде «мұнайлы астананы» қолқаны қабатын жағымсыз иіс жайлап, тұрғындарды тұншықтыруда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселенің мәнісін біз облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтан сұрадық.

 

«Үш күннен бері сасық иіс шығуына байланысты үлкен топ құрылды. Құрамында эколог, эпидемиолог және «Қазгиромет» мамандары бар. Иіс неге тек түде шығады десек, бұл желдің соғу бағытына байланысты. Жергілікті халықтың сөізне сенсек, иіс барлық жерден шығып жатыр. Сондықтан жылжымалы зерттеу нысанымен қазір жер-жерді аралап жүрміз. Нақты қай өндіріс нысанынан шығып жатқанын әзірге анықтай алмай жатырмыз. 20 күн ішінде 30-дан астам құқықбұзушылық тіркелді. Демек, жергілікі кәсіпорындардың қай-қайсысы да зиянды зат бөліп отыр деген сөз. Экологтар иістің «Квадрат» булану алаңынан шығып жатқанын айтады. Онда рекультивация жұмыстары жасалуда. Тек кешегі су тасқынына орай жұмыстар тоқтап, қазір кері жандануда. Дәл қазір жарты мың гектар аумақтың бәрін рекультивациялау мүмкін емес. Былтырдан бері тек 30-40 гектары ғана тазаланды. Енді жоспарланғандай биыл емес, тасқынға орай келесі жылы аяқталатын болады. Ал, «Тухлая балкадан» қазір иіс шығып жатқан жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, Атырау қаласындағы әкімшілік-құқықбұзушылықтарға салынатын айыппұлдар жергілікті бюджетке, соның ішінде біздің департаментке түседі. Ал, мұнай компанияларының айыппұлдары бізге түспейді» дейді Н.Қойланұлы.

 

Сондай-ақ, облыстық экология департаментінің басшысы міндетін атқарушы Ерлан Есенов қазірдің өзінде 20-дан астам тексеріс жүргізіліп, 13 млрд теңге айыппұл салынғанын айтады. Бұл ретте, қазір сот процестері жүріп жатыр екен.

 

«Иістің негізгі бөлігі «Квадраттан» келеді. Біз мұны таңғы және кешкі тексерістер кезінде анықтадық. Ол жерде қазір рекультивация жұмыстары жүргізілуде. Яғни, жер қазылып, қопарылып жатқандықтан желдің бағытымен қалаға иіс келуі мүмкін. Жалпы, қалада күкіртсутек көлемі нормадан ондаған есе асып отыр. Бұл тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретіні белгілі. Енді осы мәселені жергілікті әкімдікпен бірге шешіп жатырмыз. Ал, «Атырау қашан экологиялық апатты аймақ болып танылады?» деген сұраққа келсек, бұл мәселемен жергілікті әкімдік айналысуы керек. Біз тек қажетті мәліметтерді ұсынып, қолдау көрсете аламыз» дейді өңірдің бас экологы бізге берген жауабында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости