ПІКІРТАЛАС - Turan times

Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында не деді?
– Тәжікстанның табысты төрағалығы Ұйымның әлеуетін нығайтуға, көпжоспарлы ынтымақтастығымызды тереңдетуге үлкен үлес қосты. Бұл саммит Қазақстанда халықаралық беделді ұйым саналатын ТМД жұмысына үлкен серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтіп жатқанын еске салды.

– Барлық мемлекеттің дамуына жол ашатын жалпыадамзаттық құндылықтарды ауыр жағдайда қорғаған әкелеріміз бен аналарымыздың, жеңімпаз ұрпақтың өшпес ерлігін қазақстандықтар қастер тұтады. ТМД аумағында, соның ішінде Қазақстанда айтулы мерейтой лайықты деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шаралардың шырқау шегі Мәскеу мен Бейжіңде өткен ауқымды әрі мазмұнды салтанатты шерулер болды. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстың қаһармандары мен барша қатысушысын жадымызда мәңгі сақтау – моральдық парызымыз. Фашизмді жермен-жексен еткен Ұлы Жеңіске 80 жыл толса да, өкінішке қарай, әлем салдары ауыр тиетін жаһандық қақтығыс қаупімен тағы да бетпе-бет келіп отыр. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихи шындығын бұрмалауға, фашизмді тойтарған Ұлы Жеңістің тарихи маңызын төмендетуге қатысты әрекеттерге қарсы. Халықаралық құқықтың іргесі сөгіле бастағанын, қақтығысқан мемлекеттер арасындағы сенім деңгейі әбден төмендегенін, көзқарастар қайшылығы күшейе түскенін, көпжақты дипломатияның дағдарысқа ұшырағанын, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік әлеуеті әлсірегенін алаңдаушылықпен қабылдаймыз. Осындай геосаяси дүрбелеңдер жағдайында барлық қақтығыс факторын жою үшін ТМД елдері мен барша жақтастарымыздың күш біріктіруі өте өзекті. Мұны өзара түсіністік пен жан-жақты ойластырылған іс-қимыл арқылы шешуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, ТМД жаңа тарихи жағдайда мемлекеттер арасындағы сенімді арттырудың халықаралық тетігі ретінде сұранысқа ие құрылым екенін дәлелдеді.

Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және Ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсынысын ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру негізгі басымдықтардың бірі болып қалуға тиіс екенін айтты.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша ТМД елдері сауда айналымының жалпы көлемі 8 пайыз ұлғайып, 110 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, соңғы бес жылда Қазақстанның Достастық мемлекеттерімен алыс-берісі бір жарым есе өсіп, 38 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш Ұйымның сауда-экономикалық әлеуетін танытады және әлі де мүмкіндіктердің бар екенін байқатады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қажетті институттық және құқықтық базамыз бар. Өзара тиімді талаптарға сай қызмет көрсету нарықтарына тікелей әрі кедергісіз қолжетімділікті кеңейтуге, бірлескен өндірістерді іске қосуға, негізгі салалардағы кооперациялық байланыстарды күшейтуге баса мән беру керек деп санаймыз. Инвестиция тарту, көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану, цифрлық шешімдер енгізу және өңірлердің тең дәрежелі байланыстарын дамыту басымдықтардың қатарында болуға тиіс. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсімін қамтамасыз етудің тың мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз. Мұны келесі жылы сәуір айында БҰҰ аясында Астанада өтетін халықаралық форум алаңында ұйымдастыруға болады. Жиын қауіпсіздік пен дамудың қазіргі сын-қатерлерінің себеп-салдарын зерделеуге арналады. Осылайша, ТМД-ның жетекші сарапшылары қазіргі уақыттың қиын проблемаларын шешуге үлес қоса алар еді. 2026 жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органына төрағалық етеді. Еліміздің төрағалығы аясында бірқатар маңызды іс-шара жоспарланған, соның ішінде Еуразиялық экономикалық форум ұйымдастырылмақ. Орайлы сәтті пайдаланып, құрметті әріптестерімді, сондай-ақ ТМД елдері үкіметтерінің мүшелері мен бизнес өкілдерін форум жұмысына белсенді қатысуға шақырамын. Аталған алаңда елдерімізге қатысты ортақ мәселелер қарастырылатынын ескере отырып, оған ЕАЭО мен ТМД-ның бірлескен іс-шарасы мәртебесін беруді қарастыруды ұсынамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент белсенді жұмыс істейтін көлік дәліздері табысты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кепілі екенін атап өтті. Біздің аймақ Еуропа мен Азияны жалғап, жаһандық көлік-логистика жүйесінде ерекше рөл атқарып келеді.

– «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі ТМД мемлекеттері үшін Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей жол ашады. Ал «Шығыс – Батыс» бастамасы мен Транскаспий бағдары Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» мегажобасымен ұштасып, ТМД аумағын Еуразиядағы тоғыз жолдың торабына айналдырады. Өңіріміздің транзиттік мүмкіндіктерін жақында ғана Қазақстан аумағында іске қосылған «Достық – Мойынты» теміржол желісі күшейте түседі. Ол ТрансҚазақстан теміржол дәлізін қалыптастырудың негізін қалайды. Бірақ мемлекеттеріміздің көлік саласындағы әлеуетін толық ашу үшін біздің алдымызда заманауи инфрақұрылым қалыптастыру міндеті тұр. Достастықтың бірыңғай цифрлық көлік-логистика картасын әзірлеуді ұсынамын. Бұл ұлттық инфрақұрылымдық жоспарларды біріктіруге және көлік байланыстарының тұтас кеңістігін жасақтауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол инвестиция көлемін арттыруға жағдай жасайды. Бүгінде Қазақстан бастамашы болған ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасы бойынша жұмыстар аяқталып келеді. Жүк ағынын тиімді басқару, шығындарды төмендету және тәуекелдерді азайту үшін бұл құжатты жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейтін ережелермен толықтыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект мемлекеттердің орнықты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторына айналғанына мән берді. Қазақстан мемлекеттік басқару, әлеуметтік сала мен азаматтардың тұрмыс-тіршілігін қамтитын цифрлық күн тәртібін жедел ілгерілетіп келеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, Цифрлық кодекс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аталған саладағы барлық бастама мен жобаны ұлттық стратегияға біріктіретін Цифрлық Қазақстан тұжырымдамалық құжаты әзірленуде. Президент еліміз ТМД мемлекеттерімен осы саладағы ынтымақтастыққа ашық екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жуырда елімізде жасанды интеллект саласына маманданған университет құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталды. Бұдан бөлек, 400 мың студентті қамтып, зерттеушілер командасы мен DeepTech стартаптарының қалыптасуына қолайлы жағдай жасайтын мемлекеттік бағдарлама табысты жүзеге асырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы жобаны кеңінен таратуды ұсынып, жаһандық нарықтағы қатаң бәсеке жағдайында жұмыс істеуге қабілетті мамандардың жаңа буынын даярлау мақсатында Қазақстанның Достастық елдерімен ынтымақтастық орнатуға әзір екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы экологиялық қауіп, табиғи және техногендік апаттар ТМД елдерінің орнықты дамуына зор қатер төндіреді деп санайды. Президенттің айтуынша, мұндай жағдайларды ерте бастан анықтаудың және ескертудің тиімді тетіктерін қарастыру маңызды міндет.

– Климаттық және техногендік төтенше жағдайларды болжаудың өңірлік орталығын құру арқылы бірлесе жұмыс істеуді ұсынамыз. Каспий теңізінің тез тартылып бара жатқаны зор алаңдаушылық туғызып отыр. Негізі, бұл – өңірлік қана емес, жаһандық проблема. Сондықтан біздің бастамамызбен әзірленіп жатқан Каспийдің су ресурстарын сақтау бойынша мемлекетаралық бағдарламаға қосылуды ұсынамыз. Мұндай маңызды құжатты дайындауға Каспий теңізінің жағалауындағы елдермен бірге барлық мүдделі мемлекеттер және халықаралық ұйымдар тартылуға тиіс, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық қатынастар елдерімізді біріктіретін негізгі фактор екеніне назар аударды. Президент дәстүр мен инновацияны, тарихи мұра мен заманауи технологияны сабақтастыратын креативті индустрияны дамытудың болашағы зор деп есептейді.

– Қазақстан осы саланы дамыту бағытында жұмыс атқарып жатыр. Бүгінде креативті секторымыздағы қосылған құн 2 миллиард доллардан асады. Бұл индустрияда 143 мың адам жұмыс істейді. Креативті индустрия экономикамызға оң ықпал етуде. Ең маңыздысы, ол мәдени дипломатияның, елдеріміз арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтудың тиімді тетігіне айналды. ТМД елдерінің бұл бағыттағы әлеуеті зор. ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры базасында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынамын. Оның басты мақсаты жас таланттарды қолдау, бірлескен жобаларды іске асыру, креативті экономиканың экожүйесін қалыптастыру болуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ТМД-ның әлемдік аренадағы абырой-беделін нығайтудың маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Достастықтың халықаралық байланыстарын жандандыруды дәйекті түрде қолдайды.

– Естеріңізде болса, 2023 жылы Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша ТМД-ның Байқаушылары мен Серіктесі институты бекітілді. Бұл бастаманың алғашқы нәтижелері байқала бастағанын ризашылықпен атап өткім келеді. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына Байқаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдаймыз. Бұл оқиға Еуразияның аймақтық құрылымдар ықпалдастығы тарихының жаңа парағын ашады. Бұдан бөлек, Мәскеудегі саммитте Қазақстан ұсынған «ТМД плюс» форматында қарым-қатынас орнатуды қолдаймыз. Аталған қадам ТМД-ның халықаралық аренадағы рөлін нығайта түседі, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңестің келесі жылы Ұйымға Түрікменстанның төрағалық ету жөніндегі шешіміне қолдау білдірді.

– Түрікменстан Президенті Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедовті осы маңызды әрі құрметті миссияны қолға алуымен құттықтаймын. Мақсатымыз ортақ – Достастықты жасампаздық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің кеңістігіне айналдыру. Бірлескен күш-жігер арқылы ТМД-ны қарқынды, тиімді әрі болашаққа нық қадам басқан халықаралық ұйым ретінде нығайта алатынымызға сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Отырыста Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев сөз сөйледі.

16 маусымнан бастап ипотекамен үй берілмей ме?
16 маусымнан бастап тұрғын үйге несие берілмейтіні рас па? Ипотеканың шекті мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендейтіні туралы жаңалық шыққалы, тақырып төңірегінде түрлі қауесет тарады. Риэлторлар алдағы дүйсенбіге дейін несие рәсімдеп үлгеріңіз деп халықты ипотека алуға итермелеп жатыр. Баспана алуға қамданған тұрғындар банктер өтініш қабылдауды тоқтата ма деп алаңдаулы. Алайда, «Қазақстан» ұлттық арнасының мәліметінше, кәсіби сарапшылар даурығуға негіз жоқ дейді.

- Бұл спекуляциялар риэлтордың «қазір алып үлгеріп қалыңыздар,сосын банктер бермей қояды» деген сияқты айла-тәсілі болуы мүмкін. Ипотеканы тоқтату үшін арнайы бір ереже мен заң керек. Оны алдын-ала біліп, депутаттар, тағы да басқа белсенділер талқылап, шу болып жатар едік. Сондықтан ипотека бұл біздің банктік өнім, кредиттің негізгі түрі. Сондықтан оны ешкім тоқтатпайды ғой, - дейді экономист Айбар Олжай.

Бұл мәліметке қатысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк өкілдері пікір білдіруден бас тартты. Жаңа қаулының арқасында артық төлем қысқарады. Бұл бұрын алынған ипотекаға да қатысты. Егер қазіргі мөлшерлемеңіз 20%-дан жоғары болса, қайта қаржыландыруға өтініш беруге болады. Бірақ елдегі тұрғын үй несиелерінің басым көпішілігі бұл көрсеткіштен төмен. Сондықтан айтарлықтай өзгеріс жоқ, тек банктер несие беру шарттарын өзгертуі мүмкін.

- Өйткені мөлшерлеменің азаюы олардың кірістерін, табыстарын азайтады. Былай қарасаң олар басқа шаралар қолдануы мүмкін. Мысалы, бастапқы жарнаны көбейтуі мүмкін 20%, 40% деп көбейтуі мүмкін. Өздеріңіз көргендей олардың табыстарын азайтады, - дейді тұрғын үй нарығының сарапшысы Жеңіс Шәріпұлы.

Айта кетейік, жыл басынан бері ипотекалық бағдарламалар бойынша 11 мыңнан астам несие берілді. Қазақстанның құрылыс саласында ауқымды цифрлық трансформация іске қосылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізгі жобаларының бірі Бірыңғай цифрлық экожүйені - қолданыстағы ақпараттық жүйелерді алмастыратын «Тапсырыс берушінің бірыңғай терезесін» әзірлеу болды. Жаңа портал egov.kz платформасымен біріктіріледі және қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі құрылысты сүйемелдеудің толық циклін қамтамасыз етеді. Бұл туралы UKIMET Telegram-каналы жазады. Тұрғын үй саласында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 7% және қалған санаттар үшін 9% мөлшерлемелері бар «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. 2025 жылдың басынан бастап бағдарлама шеңберінде 202 млрд теңгеден астам сомаға 7 746 қарыз берілді.

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру жалғасуда, ол бойынша 2019 жылдан 2024 жылға дейін 7 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал 2025 жылы тағы 1 мыңнан астам отбасын қамту жоспарлануда.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы ТКШ-ны дамытудың жүйелі тәсілін қамтамасыз етеді: жұмыс басталғаннан бері 2 мыңнан астам көппәтерлі үй күрделі жөндеуден өтті, тек 2024 жылы – 233 нысан. 2025 жылға тағы 421 үйді жөндеу жоспарланған.

Моноқалалар мен ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. «Отау», «Асыл мекен» және «Наурыз» бағдарламалары жеңілдетілген тұрғын үйді, оның ішінде екінші нарықтыда қарастырады, бұл әсіресе халқы аз өңірлер үшін маңызды.

Сондай-ақ, жайлы және тұрақты тұрғын үй ортасын жобалаудың бірыңғай ережелерін белгілейтін жаңа «Қалаларды кешенді стандарттау» әзірленді.

Барлық шараларды кешенді жүзеге асыру тұрақты құрылыс экожүйесін қалыптастырады. Жұмыспен қамтудың өсуіне, қалалық ортаның сапасын жақсартуға және халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етеді.

Қазақстан Президенті маңызды мәлімдеме жасады
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі кеңейтілген құрамда жалғасты. Жиынға құрметті қонақ ретінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Каха Имнадзе қатысты.

Мемлекет басшысының айтуынша, Консультативтік кездесудің алтыншы рет өткізілуі тараптардың бауырлас халықтар арасындағы ғасырлар бойына жалғасқан достық байланысты нығайтуға, көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және халықаралық аренадағы ықпалдастықты күшейтуге бейілді екенін көрсетеді.

– 2018 жылы Астанада өткен алғашқы кездесуден бері бірлескен күш-жігердің арқасында бұл жиынның дамуында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Бұған өңірлік ынтымақтастықты арттыру бойынша маңызды шешімдер қабылданған бұрынғы бес саммиттің қорытындылары айқын дәлел, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті әлемдегі күрделі үдерістер жағдайында өңірлік ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету жөнінде ортақ ұстаным қалыптастыру маңызды деп санайды.

– «ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың» мәні артып келеді. Мемлекеттеріміз көпжақты құрылымдар, ең алдымен, БҰҰ аясында ортақ ұстанымдарға сүйене отырып әрекет етуге тиіс. Елдеріміз әлеуетін біріктірсе, біз Орнықты даму мақсаттары саласындағы күн тәртібін жүзеге асыруға елеулі үлес қоса аламыз. Осы маңызды мақсатқа қолдау ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында Орталық Азияда орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарын қабылдау жөнінде бастама көтеруді ұсынамын. Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары лауазымды өкілі, құрметті Каха Имнадзе мырзаның осы саммитке қатысуы игі дәстүрге айналып, «Орталық Азия – БҰҰ» бағытындағы тығыз ықпалдастыққа жол ашады деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент көпжақты ынтымақтастықтың берік экономикалық негізін қалыптастыру кезек күттірмейтін міндеттің бірі деп есептейді.

– Орталық Азия елдерінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту үшін мүмкіндік мол. Экология және климаттың өзгеруімен күрес саласындағы ықпалдастық аса маңызды. Барлық ел ұқсас сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан өзара ықпалдастықты кеңейтудің, үйлесімді жұмысты күшейтудің және климаттық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тәжірибе алмасудың мәні зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Әзербайжан Президенті, құрметті досымыз Ильхам Гейдар оғлының биыл күзде COP29 жаһандық климаттық конференциясын табысты өткізуіне тілектестік білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның өңірлік ынтымақтастықты жан-жақты нығайту жолындағы стратегиялық бағдары өзгермейтінін растады. Сондай-ақ бүгін қабылданған шешімдер және оның алдағы уақытта тиімді жүзеге асырылуы ғасырлардан тамыр тартатын достық пен өзара қолдау рухындағы көпжақты серіктестігімізді одан әрі тереңдетуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Жиында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Каха Имнадзе сөз сөйледі.

Саммит соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Консультативтік кездесудің төрағасы ретінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының атынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Құрмет белгісімен марапаттады.

Сасық иіс неге тек түнде шығады?!
Мәселенің мәнісін біз облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтан сұрадық.

«Үш күннен бері сасық иіс шығуына байланысты үлкен топ құрылды. Құрамында эколог, эпидемиолог және «Қазгиромет» мамандары бар. Иіс неге тек түде шығады десек, бұл желдің соғу бағытына байланысты. Жергілікті халықтың сөізне сенсек, иіс барлық жерден шығып жатыр. Сондықтан жылжымалы зерттеу нысанымен қазір жер-жерді аралап жүрміз. Нақты қай өндіріс нысанынан шығып жатқанын әзірге анықтай алмай жатырмыз. 20 күн ішінде 30-дан астам құқықбұзушылық тіркелді. Демек, жергілікі кәсіпорындардың қай-қайсысы да зиянды зат бөліп отыр деген сөз. Экологтар иістің «Квадрат» булану алаңынан шығып жатқанын айтады. Онда рекультивация жұмыстары жасалуда. Тек кешегі су тасқынына орай жұмыстар тоқтап, қазір кері жандануда. Дәл қазір жарты мың гектар аумақтың бәрін рекультивациялау мүмкін емес. Былтырдан бері тек 30-40 гектары ғана тазаланды. Енді жоспарланғандай биыл емес, тасқынға орай келесі жылы аяқталатын болады. Ал, «Тухлая балкадан» қазір иіс шығып жатқан жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, Атырау қаласындағы әкімшілік-құқықбұзушылықтарға салынатын айыппұлдар жергілікті бюджетке, соның ішінде біздің департаментке түседі. Ал, мұнай компанияларының айыппұлдары бізге түспейді» дейді Н.Қойланұлы.

Сондай-ақ, облыстық экология департаментінің басшысы міндетін атқарушы Ерлан Есенов қазірдің өзінде 20-дан астам тексеріс жүргізіліп, 13 млрд теңге айыппұл салынғанын айтады. Бұл ретте, қазір сот процестері жүріп жатыр екен.

«Иістің негізгі бөлігі «Квадраттан» келеді. Біз мұны таңғы және кешкі тексерістер кезінде анықтадық. Ол жерде қазір рекультивация жұмыстары жүргізілуде. Яғни, жер қазылып, қопарылып жатқандықтан желдің бағытымен қалаға иіс келуі мүмкін. Жалпы, қалада күкіртсутек көлемі нормадан ондаған есе асып отыр. Бұл тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретіні белгілі. Енді осы мәселені жергілікті әкімдікпен бірге шешіп жатырмыз. Ал, «Атырау қашан экологиялық апатты аймақ болып танылады?» деген сұраққа келсек, бұл мәселемен жергілікті әкімдік айналысуы керек. Біз тек қажетті мәліметтерді ұсынып, қолдау көрсете аламыз» дейді өңірдің бас экологы бізге берген жауабында.

Онлайн оқудың бағы мен соры
Бұл туралы atr.kz жазады. Елде карантин енгізіліп, адам өміріне қауіп төнген шақта бұдан тиімді білім беру жүйесі болмады, ал қазір сыныққа сылтау іздегендер күн суытып, жарық сөнсе де онлайн оқу сұрап жүр. Бұл жолы оқытудың мұндай жүйесіне көшуге не себеп? Осы жолғы шешімнің тиімділігі қандай? Виртуалды әлемде алған білім күні ертең-ақ зардабын тигізбей ме? Жалпы, онлайн оқу – қандай жағдайда қабылданатын шешім?

Облыста су тасқынының алдын алуға байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін 10 сәуірден бастап Атырау қаласындағы мектептер онлайн оқуға көшті. Қазір қаладағы 75 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектеп, Жылыой ауданында – 17, Махамбет ауданында – 15, Индер ауданында – 1, Исатай ауданындағы 16 мектептің оқушылары осылай білім алып жүр. Оқушылар толықтай онлайн оқуға қатыспаса да, тиіп-қашып білім алып жатқанын жасыра алмаймыз. Тіпті, тасқын судан қауіптенген кейбір ата-аналар қолхат жазып, балаларын басқа өңірге алып кеткен. Ал, облыс орталығындағы оқушылардың қашықтан оқуға көшетіні туралы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова хабарлаған еді.

– Мәселен, республика Оқу-ағарту министрінің №42 бұйрығына сәйкес қаладағы әрбір білім беру мекемесінде өткен кеңестің хаттамасымен мектептерді 10 сәуірден бастап толықтай онлайн оқуға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл бірінші кезекте, ата-аналар тарапынан балаларды онлайн оқуға сұраған өтініш талаптардың көп түсуіне байланысты. Қазір мектептерде 6037 ұстаз, бұдан өзге педагог емес қызметкерлер бар. Білім беру мекемелерін онлайн форматқа көшірген жағдайда сабақтарды ауысыммен өткізіп болған соң қызметкерлер жаға бекіту жұмыстарына белсене араласып, көмек қолын созуға ниет білдіруде, – деп түсіндірді қалалық бөлім басшысы.

Дегенмен мұны ата-аналар екі жақты қабылдады. Әсіресе бір айдан соң мектеп бітіріп, аттестат алатын балалары бар ата-аналар оқу жылының аяқталуына онсыз да аз уақыт қалғандықтан білімді дәстүрлі форматта жалғастыруды қалайды. Естеріңізде болса, карантин уақытында үйден білім алған балалардың үлгерімі төмендеп, ол облыстағы білім сапасы көрсеткішіне де кері әсер еткен еді. Бұған дейін де білім көрсеткіші тұрғысынан соңғы орындарда келе жатқанмен, білім беру басқармасы сапаның құлдырауын осымен байланыстыруға тырысты. Өйткені, онлайн оқу әсіресе бастауыш сынып және үлгерімі төмен оқушыларға ауыр тигені рас. Тіпті араларында әріп танымай қалған балалар да бар. Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша баланы үйден оқыту ата-аналарға да оңай тиген жоқ. Әлемдік тәжірибеде болса да, онлайн білім берудің қиындығын бастан өткізген тұрғынның бірі Айзада Өтемұратова мұның қиын тұстарын да жасырмайды.

– Өзіміз көп қабатты үйдің тұрғынымыз. Коронавирустан сақтанып төрт қабырғаға тығылған сәтте шынын айту керек, үш баланы бірдей онлайн оқыту оңай болған жоқ. II, IV, V сыныптарда оқитын балаларыма әр сабақтың тақырыбын түсіндіру қиынның қиыны еді. Үш балаға екі телефон, Online Mektep платформасы да дұрыс қосылмай, мұғалімдерге WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жіберген тапсырмаларын орындатып, біраз әбігерге түскенім бар. Ата-ананың үйреткені бір бөлек, өз ісінің маманы ұстаздың балаға көз алдында білім бергені бір бөлек екен. Сол сәтте отбасымызбен ұстаз ұғымының қадірін ұғындық. Балалар мектебін сағынды. Қазір де үйден сабақ оқыту оңайға соғып жатқан жоқ, – дейді ол.

Мұндай тәсілді қолданғанда Айзада балаларының сабаққа зауқы болмағанын, тіпті мұғалім оқушыларды түгендегенде «жай қосу белгісін баса салсам болды ғой» деп сабаққа салғырт қарайтынын да жасырмады. Иә, Айзаданың басынан кешкен жағдай әр ата-анаға жақсы таныс. Бірақ ол кезде адам саулығына қауіп төніп, халық ажал құшып жатқанда одан басқа амал болмаған еді. Ал, қазір ше?.. Иә, қазір де ахуал мәз емес. Тасқын су қалаға кіріп, мектептер жабылмағанымен одан келер қауіптен, «сақтанған сақ жүреді» демекші, алдын ала қамданып, оқушылар қашықтан білім алуға көшірілді. Атыраулық балалардың басы Алматы, Астана асса, соңы Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінде жүр. Мол судан қауіптенген ата-ананың дені балаларын ата-әжелерімен бірге өзге облыстарға жіберген. Бұл да жөн бе дерсің. Бірақ… Психологтардың пікірінше де қашықтан білім алушының оқуға деген ынтасы болмаса, ондай сәтте оқушыға ұстаздың берер көмегі аз. Ал, мектеп қабырғасында ұстаздар өзінің харизмасымен кез-келген баланың оқуға деген ынтасын оятып, білімге деген құлшынысын арттырады. Мұны ұстаздар да жоққа шығармайды.

– Қашықтан оқыту, əсіресе мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бірінші сынып оқушылары үшін оңай болмайды. Олар мектепке барып, әуелі əріп тануы қажет. Жалпы, онлайн сабақ беру студенттер үшін ғана тиімді деп санаймын. Оқушылар үшін көзбе-көз мұғалім мен оқушы біте қайнасып жұмыс жасағанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Сонда ғана бала бір нәрсе үйренеді. Ал, онлайн сабақ бола қалған жағдайда балалар мұғалімдерінің жіберген видеосабақтары негізінде оқиды. Сондықтан, əр ата-ананың ұстазбен барынша бірлесе жұмыс атқаруына тура келеді, – дейді мектеп директорларының бірі Жанаргүл Атшыбаева.

Облыстық білім беру басқармасынан сұрап білгеніміздей, қолайсыз ауа райы жағдайында аудандық білім беру бөлімдері дербес шешім қабылдау арқылы сабақты онлайн оқуға көшіре алады.

«Аталған аудандар мен облыс орталығындағы мектептерді қашықтан оқыту Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы №349 бұйрығы және облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төтенше жағдай жариялау туралы 7 сәуірдегі №3 шешіміне сәйкес қабылданып отыр», – деп түсіндірді облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Қашықтан оқыту біз ойлағандай жаңа пайда болған әдіс емес екендігін бірі білсе, бірі біле бермейді. Оның тарихы сонау XVIII ғасырда поштамен қатар пайда болған екен. Студент қажетті кітаптарды пошта арқылы алып, ұстазымен оқу барысында хат алмасып тұрған. Ал, емтиханды ұстаздың сол қаладағы сенімді адамына немесе ғылыми жұмыс ретінде жазбаша тапсыратын болған. 1990 жылдары көпшілікке қол жетімді бола бастаған «дербес компьютерлер» онлайн білім берудің дамуына жаңа серпіліс берген. Мәселен, Америка Құрама Штаттары қашықтан оқитындардың саны күрт артуына байланысты үкімет білім беру мекемелерінде бұл әдістің 50 пайыздан аспауы керектігі туралы заң қабылдауға мәжбүр болған. Шындығында бұрынғы бала мен бүгінгі баланың айырмашылығы жоқ. Тек қоғам дамып, тұрмыстық жағдайдың жақсарып, адамдардың талабы күшейе түскені рас. Бірақ біз баланы өбектеу  арқылы оның болашағына балта шауып жатқан жоқпыз ба?!

Қазақта қара киінгендер болмаған...
Мұны олар сән көре ме, әлде қандай да бір наным-сенімнен бе, түсініксіз. Осы турасында atr.kz тілшісі ардагер ұстаз Темірбек Мардановпен сұхбаттасқан еді. Ол жастардың бұл әрекеті діни фанатизмнен туған деп топшылайды.

– Тарихтың сан тарам беттеріне көз тастасаңыз, Алтай мен Атырау арасындағы ұланғайыр атырапта діни қақтығыстардың болмағанын көресіз. Ал, қазір өз идеяларын абсолютті ақиқат ретінде санайтын дәстүрлі емес діни ағымдардың әсерінен діни негіздегі алауыздық пен бөліну көбейді. Осы деструктивті ағым ұстанушылардың кесірінен «діни фанатизм» атты дерттің одан сайын асқынып келе жатқаны көңілге кірбің ұялатады. Олардың қандай да бір сенімнің немесе көзқарастың ықпалында болуы және өзге көзқарастарға шошына қарауы әрқайсымызға ой салатындай жағдай. Өйткені, көзін шел басқан, өзінен басқа ешкімді мойындамайтын, ешкіммен санаспайтын діни фанаттар өзінің қалауы мен ой-пікірін басқа адамдарға телігісі келеді. Осы әрекеттерімен олар өзгелерді ақиқатқа жеткіземін деп санайды. Мұндай фанаттық сана типінен радикалды ойлар өсіп шығатынын ескеретін болсақ, оның арты үлкен қауіпке алып келуі мүмкін, - деді Т.Марданов.

Маманның айтуынша, мұндай фанаттардың пайда болуына жат ағымдағы «сананы бақылау» әдісі себепші. Өйткені, осы бағыттағы лидерлердің, шейхтардың берген бағыт-бағдары, сендіріп айтқан сөздері, кітаптары т.б. әсер етеді екен.

– Жат ағымдағылар жаңа адамды өз қатарына қосардан бұрын бірінші оларға «сананы тазарту» операциясын жүргізеді. Нақтырақ айтқанда, тұлғаның өткен өмірін толық ұмыттырып, оған деструктивті ұйымның идеологиясын сіңіру мақсатында жұмыс жасайды. Теріс бағыттағы діни ұйымға кірген адам жаңа ортаның талаптарын бұлжытпай орындай бастайды. Тұлғаны өздеріне толықтай тәуелді ету – деструктивті діни ұйымдардың басты мақсаты, - дейді ардагер ұстаз.

Сұхбаттасушымыз Президенттің көтерген мәселесі орынды екенін және жастардың арасында осындай жағдайлардың көбейіп кеткендігін айтады. «Дін жолына енді қадам басқандар дұрыс білім алмай, кейде айналасындағылардың сырт бейнесіне еліктеп, ұлтымызды ішінен ірітеді» деді ол.

– Біз бабаларымыздың сан мыңжылдық діни ілімі мен рухани бағдарына арқа сүйеуіміз керек. Соңғы уақытта қазаққа жат киім киген қыздарымыздың теріс жолға түскендігін айқын аңғаруға болады. Сондықтан бізге әрбір дүниеге байыпты әрі салмақты, сараланған көзқараспен қарау керек. Ақ пен қараның ара-жігін ажырата білейік. Бізге бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізді сақтап қалу міндет. Ол үшін ұлттық бірегейлік пен тұтастықтың тұғырын құлатып алмауымыз шарт. Діни фанатизм мен соқыр сенімнен ада болайық! - деп сөзін қорытындылады Темірбек Марданов.

Пітір-садақаны кімге беру керек?
Жуырда әлеуметтік желіде садақаға қатысты жарияланған мынадай пікір  назарымызды аударды...

Мешітке барып, өзінің отбасының атынан пітір садақа бермек болған ер адам ақша салатын жәшікті таба алмапты. Сұрастырып көрсе, сол жердегі діни қызметкер қаражат салу үшін бір нөмірді көрсетеді. Сөйтсе, ол жеке тұлғаның банк шоты екен. Содан «жыл сайын осы үрдіс қаншалықты шынайы жүзеге асып жатыр, неліктен садақаларымыз мешіттің шығыс есебіне жұмсалады?» деп әлгі адам түсініспеушілігін танытқан.

Белгілі теолог Алтынбек Ұтысханұлы көпшіліктің назарын аударған осы сауалға жауап берді. Оның айтуынша, халықтың санасында «пітір тек жағдайы төмен адамдарға ғана беріледі» деген түсінік қалыптасқан. Негізінен шарты солайы солай ғой, бірақ бұл мәселенің екінші жағы да бар.

– Еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Аталған заңның тиісті бабында діни негіздегі партияларды қаржыландыруға жол берілмейтіндігі көрсетілген. Сондықтан Алланың үйінде еңбек етіп жатқан және ондағы шығын мәселелерінің аз да болса бөлігі тұрғындардың садақасымен шешімін тауып отырады. Пітір садақа – әр адамның жан садақасы. Жылына бір рет Рамазан айында беріледі. Мөлшері 2 келілік ұн бағасымен өлшенеді. Осыны Алла разылығы үшін кімге бергісі келеді, ол өз еркінде. Мысалы, жағдайы төмен, ағайын-көрші арасында қиын жағдайдағы отбасылар болуы мүмкін. Соған беруге болады. Біз оларға «міндетті түрде мешітке әкеліп берсін» демейміз. Ал, мешіт – Алланың үйі. Алланың үйін тазалап, онда білім беріп, күнделікті келушіге Құран оқып, сұрағына жауап іздегендерге пәтуа беріп, мешіт ішінде қызмет етіп отырған кім деген сұрақты әркім өзіне қойсын. Соның жауабын ойланса, берген 640 теңге садақасын іздемес еді деп ойлаймын. «Иманғали» мешітінің өзінде 35-ке жуық қызметкер бар. Онда тек діни қызметкер емес, мешітті таза ұстап отырған қызметкер де еңбек етеді. Күніне қаншама адам келеді, олардан соң мешітті тазалау қанша ма еңбек?! Оған қоса кадр, заңгер, есепші, күзетші, ұстаздар, бағбан, қасапшы, сантехник бар. Олардың барлығына жалақы қайдан беріледі деп ойлайды? Қала берді коммуналдық қызметтің ақысы төленуі керек. Ал, мемлекет тарапынан мешітке бір тиын да бөлінбейді. Сол себепті біздер мешітке түскен садақамен ғана күн көреміз. Ол қаражат бәрін бірдей қамтуға жете ме, жоқ па, ол бөлек мәселе. Садақа жәшігінің жанына мешіттің ресми шотының QR коды көрсетілген. Оны есепші, бас имам мен ҚМДБ қадағалай алады. Ондағы қаражатты жалақыға да, коммуналдық қызмет пен қайырымдылық бастамаларына, қала берді ұйымдастырылатын шараларға да теңдей бөліп жұмсаймыз. Мөрленген жәшікті 5 адамнан құралған комиссия ашады. Ал, келген адамдардың ақшасын жеке шотына аударған жағдай болса, оны анықтаймыз, – деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Түскен аз-мұз садақа мешіттің шығындарын толық өтеуге жетпейтін көрінеді.  Сондықтан иман жолында жүргендерге жанашыр, жомарт жандар, кәсіпкерлер қолұшын созатындығы белгілі болды.

– Мәселен, өңірде қызмет ететін имам баспананың жоқтығынан қатты қиналып жүрген еді. Оның жағдайын бір меценатқа айтқанымызда, ол сөзімізді жерге тастамай, оған үй алып берді. Сондай-ақ дінге қызмет етіп жүрген 6 баласы бар азаматымыз да пәтерлі болды. Мұның бәрі ауқатты, қолы ашық жандардың зекеті деп түсінеміз. Айтқым келетіні, садақа берерде алдымен өзіңіздің ниетіңіз дұрыс болсын, артынша ғайбаттап, садақаңызды жоққа шығып, күнәға батудан сақтаныңыз. Арты қандай болса да Алла көріп тұр ғой. Нағыз болмаса, өзіңіз білетін жағдайы төмен отбасыға бергеніңіз де абзал,- деді сұхбаттасушымыз.

Осы мәселеден тағы бір проблема туындайды. Бір ғана «Иманғали» орталық мешітінің жағдайы осындай болғандықтан, қазір шағынаудандар мен ауылдарда мешіт тұрғызғысы келетін жамағатқа арнайы талап қойылады екен. Мешіт салынса, имамның үйі жанынан тұрғызылуы керек және ішінде асханасы болуы тиіс. Сондай-ақ кемінде 2 жыл имамның жалақысын жамағат болып қамтамасыз етуі керек. Осы өтінішке қол қойса, құрылысқа рұқсат беріледі. «Әйтпесе, дін қызметкерлері де адам, олар да күн көруі керек» деп түсіндірді діни қызметкер.

«Халыққа көрсетілетін діни қызметтің ақысы шарықтап барады» дейді әлеуметтік желі қолданушысы. Осы орайда «мұны кім бақылап отыр?» деген сұрақ туындайды. «Таяқтың екі ұшы бар» демекші, бұл мәселеде де екінші бір адамдардың кесірі тиіп жататынын айтып қалды Алтынбек Ұтысханұлы.

– Біріншіден, діни жоралғыларға тек мешіт қызметкерлері бара бермейді. Бізден бөлек халық арасында молда ретінде танылған жандар бар. Қала берді діни қызметті үйреніп алғандар да аз емес. Оларға заңды түрде тосқауыл болмағандықтан, біз де ештеңе айта алмаймыз. Мәселен, діни қызмет көрсететін адамды кебіндеуге, жаназасын шығаруға, асына қатысу, кейінгі қаделері бар, соның бәріне шақырады. Ол кісі өзінің уақытын қалауынша бағалайды. Сол жағдай бізге де күйе жағады. Анықтай келе, ол адамдар мешітте істемейтін ауыл молдалары немесе кебіндеуді үйреніп алғандар болып шығады. Ал, мешіттегі дін қызметкерлері ондай қызметі үшін белгілі бағаны сұрамайды. Әркім өз шама-шарқына қарай, еңбегін бағалап, қолын құр қайтармай, ниеттерін білдіріп жіберіп жатады. Тек мешіттегі неке қию рәсімінде құжатты жасау үшін 3 мың теңге сұралады, ал қалғанын жастар имамның қызметінің ақысы деп беріп кетеді, – деп түсіндірді ол.

Тасқынға тосқауыл қоюға болар ма еді?
Еңбек ардагері Анатолий ЖМЫХОВ өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары жерге орналастыру комитетінің төрағасы болып абыройлы еңбек еткен. Осы орайда, біз одан қауіпті аймақтағы елдімекендерді су тасқынынан қалай аман алып қалуға болатынын сұрастырып көрдік...

– Бүгінде өңірлерегі ахуал мәз емес. Биылғы су тасқыны көптеген олқылықтардың бетін ашты. Соның ең бастысы – тасқынға тосқауыл қою жолдарының ертерек анықталмауы. Естеріңізде болса, соңғы су тасқыны 1993-1994 жылдары болды. Демек, одан бергі отыз жыл ішінде біз тасқынның алдын алумен емес, оның салдарымен ғана күресіп келген екенбіз. Ащы да болса, шындық – сол.

Жарайды, өткен іс өтті. Енді бұдан сабақ алып, алға қарай жұмыстану қажет. Ал, ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, карталау ісін қолға алу керек. Бұл не деген сөз? Яғни, су басу қаупі көбірек елдімекендердің картасын шұғыл жасақтау керек. Әлі есімде, 1990 жылы біз аэрофотогеодезиялық карта жасақтаған болатынбыз. Ол Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Каспий теңізіне дейінгі аумақты қамтыды. Онда «Атырау-Индер» және «Атырау-Орал» бағытындағы авткөлік жолдары сызылған. Дәл қазір сол картаны қалайда тауып алып, қолдана беру керек. Себебі, оны қайтадан жасақтап отыратын уақыт жоқ.

«Гуглде» де – ескі карталар. Ал, мен айтып отырған аэрофотогеодезиялық карта барлық жер жұмыстарын бақылап отыруға, дайындық кезеңі барысында бөгеттердің санын енгізуге, тасқын мезгіліндегі немесе одан кейінгі шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Тағы бір ұсынысым – түріктерден жерсерік сатып алып, ғарыштан карта дайындау. Тек тездетіп қаражат табу қажет болады.

...1993-1994 жылдары аймақта үлкен су тасқыны болды. Оған қарсы көптеген жұмыстар атқарылды. Өзен жағалаған елдімекендердің бәрі де мыңдаған шақырымға созылған биік бөгеттермен қоршалды. Нәтижесінде, қала аумағында тек саяжай аумақтарын ғана су басты. Ал, бүгінгі ахуалды айтсам, топан суды тоқтатуға мүмкіндік жоқ емес, бар. Тек тиісті шаралар шапшаң, дер кезінде қолға алынуы тиіс.

Сіз аэрофотогеодезиялық картадағы мәліметтерді тіпті тікұшақтан да көре алмайсыз. Ол мұрағат сөрелерінде шаң басып жатқан да болар, соны тез тауып алу керек. Соның негізінде Жайық өзеніне құйылатын барлық су ағындарының жағдайын бақылауға болады. Оның жолдарын бөгеп тұрған кедергілер болса, дереу жоя аламыз. Қалай болғанда да, су ағындарын кеңейтуге күш салу керек. Өйткені, қайда барарын білмей қысылып аққан су алапат дүлей күшке ие болады. Тіпті, жолындағы барлық нысандарды да құлатып өтуге қауқары жетеді. Міне, осындай қауіптің қазірден алдын алмаса, ертең кеш болады.

Тағы бір айта кетер жайт, айталық, егер Жайықтағы су деңгейі 10 метрге көтерілсе, Атырау қаласында бұл көрсеткіш 6 метрге жетіп қалады. Ал, егер бар болғаны 4-5 метрден аспаса, онда бұл бізге ешқандай қауіп төндірмейді. Алайда, Жайық өзенінен түрлі «тосынсыйларды»күтуге болады. Мұны тарих пен уақыттың өзі көрсетті ғой. Бір қызығы, осыған дейін біз су көлемі азайып, Жайық жоғалып барады деп дабыл қағып, зар жылаушы едік. Енді керісінше су көп келіп жатыр. Иә, парадокс деп осыны айт, - дейді біз сөйлескен сала ардагері.

Рас, су биыл көп келіп жатыр. Ал, оны сақтап қалуға бола ма? Себебі, тасқыннан кейін де тіршілік жалғасын табады емес пе? Шілденің шіліңгірінде шөлдеп, бір жұтым су іздейтініміз тағы бар ғой. Бұл ретте, су шаруашылығы саласының ардагері Бисен ҚУАНОВТЫҢ өз ойлағаны бар екен...

«Биыл су тасып, халық сасып жатыр. Осы орайда, мәселенің екінші қырына да назар аударған дұрыс. Айтқым келгені, биыл Жайық суға лық толды. Бұл – жақсы жаңалық. Өйткені, осыған дейін Ресейдің бізге қарай су жібермейтінін айтып, талай реніш білдірген едік. Енді су келді, аз емес, мол келді. Олай болса, бұл мүмкіндікті мүлт жібермеу керек. Судан қорқудың қажеті жоқ. Қайта, оны жинап, сақтап қоюға тырысқан жөн.

...Өткенге оралсақ, сонау тоқсан үштің тасқынында біз кей елдімекендерімізді дәл бүгінгідей судан аман сақтап қала алмадық. Өйткені, бойды үрей биледі. Ал, мұндайда салқынқандылық танытып, суды сақтап қалатындай қоймалар қазса, қандай тиімді тәсіл болар еді? Менің бір ұсынысым бар, ол – Нарын, Бақсай, Соколок және Сарыөзек каналдарын ашу қажет. Кесте бойынша ретімен ашып отырса, тіпті жақсы. Сонда судың жүйелі түрде жүретін жолы пайда болады. Яғни, ол жан-жаққа жайылып кетпейді деген сөз. Бұл үшін жергілікті әкімдік пен басқа да құзіретті органдар бірлесіп жұмыс жасауы керек. Сонда ғана нәтиже болады» дейді ол.

Соңғы жағдайға байланысты белгілі өлкетанушы Өтепберген ӘЛІМГЕРЕЕВ те өз пікірін білдірді.

– Соңғы су тасқыны 1993-1994 жылдары орын алған еді, - дейді ол. - Енді араға тура отыз жыл салып тағы да қайталанып отыр. Кезінде танымал табиғат жанашыры Мұфтах Диаров бұл аймақтың о баста теңіз табаны болғанын айтып, қандай жағдайға да дайын болу керектігін талай ескерткен еді. Бірақ оның сөзіне құлақ асқан ешкім болмады.

Жалпы, қандай табиғат апаты болмасын, белгілі бір уақыт аралығында қайталанып тұратыны айтпаса да түсінікті жайт қой. Сондықтан оған әркез дайын болу керек. Мәселен, Құлсары қаласын су басады деген ой ешкімнің ойы түгілі түсіне де кірмеген шығар. Алайда, өкінішке орай күтпеген жағдай орын алып, тұрғындар тосылып қалды. Соған қарамастан, жергілікті әкімдік тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып, тұрғындар да белсенділік танытуда.

Менің ойымша, табиғат апаттарына адамзат басына туған қиындық емес, сабақ алу қажет сынақ ретінде қараған дұрыс. Себебі, құр айқайлап, қоғамды дүрліктіргеннен ештеңе шықпайды. Қайта «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ортақ іске жұмылу керек. Бұл да осыған дейін болған коронавирус пандемиясы секілді үлкен сынақ болғалы тұр. Естеріңізде болса, ол кезде бүкіл әлем көптеген адамнан айырылып қалған болатын. Енді бүгін абырой болғанда адам шығыны жоқ десек те, азаматтарымыз бастарындағы баспаналарынан айырылып, өмір бойы маңдай терімен жинап келген дүние-мүліктері мен көліктері су астында қалды.

Сөз жоқ, қай мемлекет үшін де ең басты құндылық та, капитал да, бұл – адам өмірі, одан асқан байлық жоқ. Сондықтан бар күш адам өмірін сақтап қалуға жұмсалуда. Ал, шығын көлемі кейін де есептеле жатар. Ең бастысы, дәл қазір бекем бірлігімізді білдіріп, тату тірлігімізді танытуымыз қажет.

Халқымыз ежелден берекелі бірлігімен көптеген қиындықтарға қасқайып қарсы тұра білді. Бұл жолы да сол табандылығымыз бен төзімділігімізді танытуға тура келеді. Алда қандай сынақ тұрса да, дайын болуымыз керек. Бұл жер – ата-бабамыздың бізге аманаттаған мәңгілік мұрасы. Оны тастап кетуге болмайды. Өйткені, бұл Отанды сатумен бірдей болар еді. Ал, мұндай опасыздық – кешірілмейтін күнә. Ендеше, қасиетті Рамазан айында бір-бірімізге жанашыр болып, қолдау көрсетейік, ағайын!

...Иә, біз де абыз ақсақалдан асырып не айта аламыз? Сондықтан оның осы бір салиқалы сөзімен әңгімемізге семіз нүкте қойғанды жөн көрдік.

Кіріс декларациясына қатысты нені білу керек?
Биыл кірістерді жалпыға бірдей декларациялаудың келесі, үшінші кезеңі басталады. Енді кәсіпкерлер, құрылтайшылар мен заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары ғана емес, сонымен қатар олардың жұбайлары да декларация тапсырады. Бұл мәселеге қатысты көп сұрақ туындағаны анық. Сондықтан біз ең қарапайым сұрақтарға жуаптарды ұсынғанды жөн көрдік.

«Декларацияда ең аз табыс көрсетілсе не болады»

Әрине, аз жалақы алатыныңызды және мүліктен тек гараж ғана бар деп көрсетуіңізге болады. Бірақ жаңа көлік сатып алатын болсаңыз, онда салық төлеушілерге ақшаны қайдан алғаныңызды түсіндіру керек болады. Егер салықтан жалтарғаныңыз анықталса, айыппұл төлеуге тура келеді.

«Егер төлемді қолма-қол ақшамен қабылдаса?»

Қазақстанда бизнесмендерді тексеруге мораторий аяқталды. Биылдан бастап салық органдары кез келген уақытта ресми түрде тексере алады. Бұған кірістерді жасыруға күдік себеп болуы мүмкін, мысалы, салық төлемеу, қолма-қол ақша қабылдау, фискалдық чек бермеу. Өйткені, ерте ме, кеш пе, сіз алған ақшаңызды, соның ішінде қолма-қол ақшаны міндетті түрде жұмсайсыз. Бұл ретте сіз ресми табысыңызды декларацияда көрсетіп қойдыңыз. Егер тапқаннан артық ақша жұмсасаңыз, онда салық қызметкерлері назарын сізге аударады.

Сонымен қатар клиенттермен проблемалар туындайды. Қазақстандықтар тауарлар мен қызметтер үшін QR-код және банк карталары арқылы төлеуге үйреніп қалды. Егер сатушы қолма-қол ақшамен төлеуді өтінсе, сатып алушы карталар қабылдайтын басқа жерге кетіп қалуы ықтимал.

«Кірістерді туыстар арқылы «жылыстатса» ше?»

Мұны жүзеге асыру мүмкін емес. Алдағы уақытта бұл бәрібір проблемаға айналады. Жалпыға бірдей декларациялау Қазақстанның барлық тұрғындарына қатысты болады. Көп ұзамай кәсіпкерлердің туыстары да декларация толтырады. Сонда оларға жанама кірістерді түсіндіруге тура келеді.

«Егер жасырын табыс анықталса?»

Декларацияда бір кірісті көрсеттіңіз, ал іс жүзінде ол әлдеқайда жоғары болып шықты делік. Егер жеке тұлға ретінде қосымша ақшаның қайдан алынғанын салық органдарына түсіндіре алмасаңыз, онда 10% жеке табыс салығын төлеуге тура келеді. Бұл ретте жеңілдетілген схема бойынша ашылған ЖК 3% ЖТС төлейді. Сонымен қатар, кірісті жасырғаныңыз үшін айыппұл төлейсіз. Ол төленетін, бірақ жасырылған салық сомасының 200% құрайды. Бұзушылық қайталанған жағдайда, 300% төлеуге тура келеді. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 275-бабының 1 және 2-тармақтарында осылай жазылған.

Қазақстанда кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін мобильді қосымшалар әзірленді. Олардың пайдалы функциялары көп. Бұл POS-терминал алу, онлайн-кассаға қосылу (айта кетейік, екі қызмет те тегін) және QR арқылы төлем қабылдау. Фискалдық чек автоматты түрде шығады. Сондай-ақ, қосымшалардың көмегімен бизнесті дамытуға несие алуға болады, оның мөлшерлемесі төмен.

Салықты үнемдеу қазақстандық кәсіпкерлерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Тыныш жұмыс істей алмай, тексерулерге тап болып, айыппұлдар төлеуге тура келеді. Сонымен қатар, клиенттер мен серіктестер заңды бизнеске көп сенім артады.

Киберқылмыс күшейіп тұр...
Бүгінде елімізде азаматтардың ақпараттық жүйелері мен желілерін және бағдарламаларын цифрлық шабуылдардан қорғайтын «Киберқалқан» қызметі жұмыс жасайды. Ендеше, бүгінгі қоғам қаншалықты киберқауіпсіз? Біз бұл сауалды сарапшы мамандарға қойған едік...

Бұл – уақытша қиындық

Иә, жаңа технологияның дамығаны өте жақсы. Бірақ, бұл өзімен бірге киберқылмыс, киберсоғыс, кибертерроризм секілді жаңа қауіп түрлерін де әкелді. Әрине, бұл – жаңа заман жағдайында туындап отырған мәселелер. Әлемде болып жатқан жайттардан ешкім ешқайда қашып құтылмас. Өйткені, біздің еліміз де сол әлемнің бір бөлшегі. Сондықтан Жаңа Қазақстан құрғымыз келсе, жаңа қауіптердің де бетін қайтара білу қажет.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Дарын Шабдировтың пікірінше, жаңа заман қиындықтарына қасқайып қарсы тұра білсек, қорғаныштық қасиет қалыптасады. Демек, бұның бәрі де тек уақытша қиындықтар екенін ескеру керек.

«Рас, кибертерроризм – қай мемлекет үшін де өте үлкен қауіп. Бірақ, оны сынақ ретінде қарау қажет. Яғни, әр мемлекет өзінің қаншалықты қауіпсіз, әрі мықты екенін біле алады.  Кез келген қиындық адамды шыңдай түседі емес пе, міне, тап сол секілді ғой. Ендеше, әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып, біз де киберқалқанымызды күшейте түсуіміз керек. Бұл үшін ең  білікті мамандар, мүйізі қарағайдай ғалымдар мен сарапшылар алдын ала бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Соның нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздікті қатамасыз ететін үлкен ортақ жүйе құрған жөн. Қалай болғанда да, ақпараттық қауіпсіздік кез келген мемлекеттің ең негізгі басымдығына айналуы керек» дейді ол.

Бәленің бәрі – телефоннан

Жалпы, мамандардың айтуынша, кибершабуылдың көздейтіні – хакердің жеке мақсаттары үшін ғаламтор қолданушының құпия ақпаратын алып, одан әрі теріс бағытта пайдалану немесе бүкіл бизнес-процестің жұмысын бұзу екен. Ендеше, киберқауіпсіздік саласын дамыту – өте өзекті мәселе. Еліміз 2017 жылдан бастап киберқылмыспен күреске зор назар аудара бастаған. Осылайша, Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесін құру тапсырылды. Нәтижесінде арнайы тұжырымдама жасақталды.

Осы орайда, техника ғылымдарының кандидаты Сәндуғаш Ысқақова киберқылмыспен күресті күшейту керектігін айтады.

– Қазақстан ақпараттық соғыстың қандай түріне де қарсы тұру үшін алдын ала дайын болуы қажет. Сәт сайын өзгеріп жатқан өмірдің қай құбылысына да бейімделе білуге тура келеді. Технология бір орында тұрмайды, күн сайын дамып отырады. Мәселен, дәрігерлер ай сайын емдеу тәсілдерін жаңартып отырады. Өйткені, ай сайын аурудың жаңа түрі пайда болады. Сондайда емдеу әдісі де бір күнде ескіріп шыға келеді. Міне, сол секілді, кибералаяқтар да адамдарды алдаудың күн сайын жаңа түрін тауып жатады. Олай болса, олармен күресудің де жаңа жолдарын іздестірген жөн.

Естеріңізде болса, елімізде осыдан 15 жыл бұрын алғашқы смартфон пайда болған еді ғой. Алғашында тек сөйлесу құралы ғана болған оны бүгінде біз сан түрлі мақсатта пайдаланамыз. Атап айтсақ, адамдармен мәтін арқылы сөйлесу, әлеуметтік желіде пікір қалдыру, лүпіл (лайк) басу, тамаққа тапсырыс беру, такси шақырту, тауар алу мен сату және төлем операцияларын жасау – мұның бәрі қазір қалта телефоны арқылы іске асады. Өйткені, солай ыңғайлы әрі тиімді. Бірақ, осы игіліктің бәрін теріс мақатта пайдаланатындар да бар екенін ұмытпаған абзал. Олар жеке адам емес, білдей бір ұйым болуы да мүмкін. Сондықтан кейде бір адамға емес, бүкіл мемлекетке де кибершабуыл жасалады. Мәселен, мемлекеттік порталдарды бұғаттайды, жалған ақпарат таратады, ұлт араздығын тудырады, азаматтарды жекелей бақылайды және тағысын тағы, - дейді ғалым.

Арнайы пән енгізілсе...

Расымен де, қазір адамды алдау түк емес. Ғаламторда бәрі бар. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздеу керек сияқты. Яғни, алданған азаматтардың өздері кінәлі. Өйткені, алаяқтар құрған қақпанға өз аяқтарымен барып түсіп жатыр емес пе? Әйтпесе, хакерлерге құпия сан мен кілт сөздерді оның иесінен басқа кім айтады? Біреуді күштеп тұзаққа түсіріп жатқан ешкім жоқ. Енді не істеу керек?

«Ең алдымен әр азамат өзінің құқықтық сауаттылығын арттырып алғаны дұрыс. Бұл өзгеге емес, өзіне керек. Екіншіден, кибералаяқтарға алданбаудың қыр-сырын мектептерде жеке пән, ал, жоғары оқу орындарында дәріс ретінде өткізсе де, артық етпейді. Бұған бюджеттен қаражат қаралмағанын сылтауратып ақша аяп қалудың да қажеті жоқ» дейді С.Ысқақова.

Осының бәрін ескерсек, киберқауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігіне айналуы тиіс-ақ. Басқа елдерде солай. Ендеше, Қазақстан да қалыс қалмауы қажет. Біз тілдескен тағы бір сарапшы маман Алмагүл Құбашеваның пікрі осындай.

– Ел азаматтарының құқығы мен мен мүддесін толыққанды қорғау үшін мемлекет киберқауіпсіздік деңгейін көтеру керек. Бүгінде «ақпараттық қауіпсіздік» түсінігі «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңда бекітілген. Мұның бәрі тегін емес. Себебі, киберқылмыскерлер тудырып отырған қауіп орасан зор. Бұл тіпті әдеттегі ұйымдасқан қылмыстан да ауқымды. Уақыт өткен сайын киберқылмыстар өндірістен бастап Қарулы күштерге дейін қауіп төндіруде. Алайда, шүкір, IT саласының білгірлері де қарап жатқан жоқ. Өз кезегінде олар да қылмысқа қарсы сәтті қадамдар жасауда. Енді тек сол мамандарымызды қаржылай қолдап, рухани ынталандырып, одан әрі жігерлендіре түсу керек, - дейді ол.

«Иллюзия аралы»

2022 жылы АҚШ-та көрерменге жол тартқан «Иллюзия аралы» («Острав иллюзий»)  деген фильмде басты кейіпкер әр ай сайын жаңа адаммен танысады. Кейін оны алдап адам тұрмайтын аралға апарып, өзі кетіп қалады. Әлгінің ұялы телефонын да ала кетеді. Сөйтіп, сол адам болып оның әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізеді. Тіпті, телефондағы түрлі бағдарламалар арқылы қалаған адамның дауысын да айнытпай салады. Осылайша, әлгі адамның атынан ақша алып, бар байлықты өз шотына аударады. Аталған фильм бүгінгі қоғамның ащы шындығын ашық айтып отыр. Яғни, қазір бейтаныс адамға сенетін уақыт емес. Әсіресе, ұялы телефон бөтен адамдарға қолжетімсіз болуы керек. Себебі, онда жеке мәліметтің бәрі сайрап тұр.

Р.S. ...Міне, біз бұл жолы қылмыстың заманауи түрі – киберқылмыс туралы сөз еттік. Қолдан келгенше мамандарды сөйлеттік. Бәрінің де ойы бір жерден шығып отыр – яғни, қоғамның қауіпсіздігі тікелей өзімізге байланысты. Біз өзімізді өзіміз ғана сақтап, өзіміз ғана құтқара аламыз. Бұл үшін құқықтық сауатымызды арттырып, аракідік заңгер көмегіне де жүгініп отырған жөн. Сонда кибералаяқтарға алданатын адамдардың да қатары азая түсер деген үміт бар.