RSS лента

Марқұмның күзетін беру "тойға" айналып барады...

  • 19.03.2021, 11:24,
  • 795
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аға буын өкілдері қазіргі күзеттің мәні кеткенін айтып қынжылатынын жеткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы бас имам брифинг барысында айтты.

 

«Күзетке ертеректе марқұмның алыстан ағайын-туыстары жиналатын. Сол ауылдың молдалары хатым Құран түсіріп, жаназадан соң Құранды марқұмға бағыштаған. Қазіргі күзеттер ас ішіп, аяқ босататын шараға айналып кетті. Біреу жылап жатса, екінші адам қарқылдап күліп, дүниелік әңгімелер айтып отырады. Бұл марқұмға еш пайда әкелмейтін күзет.

 

«Ажал бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген сөз бар. Жоқ адам мұндайда несие алып, қарызданып жатады. Бұл қайғылы шаңыраққа одан сайын салмақ түсіру ғой. Күзет мәселесін тоқтатуды ақсақалдар ұсынып отыр. Біз осы мәселені насихаттауымыз керек» деп атап өтті ол.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
Все новости