RSS лента

Дамудың кілті – біліктілікті арттыруда

  • 10.09.2023, 01:40,
  • 311
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Педагогтардың түрлі біліктілік арттырудың курстарынан өтіп, одан алған білімін өз ортасына жеткізіп, тәжірибеде іске асырып жататыны көбінесе насихаттала бермейді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жетекшісі, халықаралық дәрежедегі тренер, магистр Гүлжан Нұрсұлтанованың айтуынша, біліктілікті арттыру курстарын қазір тек арнайы орталықтар емес, жоғары оқу орындары да ұйымдастыруда.

 

– Қазіргі білім саласына Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания сияқты прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттар, құндылықтар жүйесі мен ұлттық тәрбиені сабақтастырып, жас буынды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылар және түсініктермен оқытып, алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана алатындай үйрету – негізгі мақсаттардың бірі, - дейді ол "Atyray" газетіне берген сұхбатында. – Сындарлы оқыту теориясына негізделген қазіргі білім саласы педагогтың жан-жақтан (мектеп, түрлі дереккөздер, ата-анасы, достары, т.б.) алған білімімен байланыстырыла дамып жатыр. Алайда кейбіреулер бастапқы алған білім мен жаңа білімді ұштастыра алмайды. Кейде байланыстыруға мүмкіндік те берілмейді. Себебі педагогтардың сабағы дайын білім беруге негізделеді. «Дәстүрлі» стильмен білім алушылардың қабілет-қарымын қабылдай алмайды. Сондықтан үстірт білім алуға мәжбүр етеді. Ал дәстүрлі оқыту арқылы механикалық түрде есте сақталған мәліметтердің мән-мағынасы терең меңгерілмегендіктен, білім алушы емтихан кезінде де, өмірде де оны тиімді пайдалана алмайды. Қазіргі заман педагогының негізгі мақсаты – білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алуын қамтамасыз ету. Ал білім алушы оқытудағы сындарлы тәсілге өзінің қатысуы маңызды екенін түсінуі тиіс. Яғни, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екенін бала білуі қажет. Ондай жауапкершілігі бар шәкірт оқу барысында педагогтың қалыптастыратын ортасын да сезініп, қабылдай алады. Сондықтан педагогта жеткілікті білім, тәжірибені түсіну, дамыту үшін дәлелдер мен зерттеулер нәтижесін қалай қолдану керектігі жөніндегі кәсіби түсінік міндетті түрде қалыптасуы керек. Педагог оқытуды іске асырудағы дағдыларды меңгеру, түрлі әдістәсілдерді білу, ынталандыру, жоспарлау, бағалау, қолайлы орта ұйымдастыру тәрізді оқыту кезіндегі тәжірибелік дағды нық орнығуы тиіс. Бұл ұстаздың санасында моралдық-этикалық құндылықтарды ұстана отырып, мейірімді, әділ, батыл, төзімді, басқаға құрмет көрсету тәрізді кәсіби махаббатты орнықтырады. Ендеше, әр педагог Абай сипаттағандай толық адам болуы керек. «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым дейтіндердің бәрі ақымақтық» деген Абай сөзі керемет. Стэнфорд университетінің құрметті профессоры, педагогпсихолог Шульман Ли де құзырлы мұғалімнің негізгі көмекшілері бас, қол, жүрек деп атаған. Ойы – Абай айтқан толық адам бейнесі. Демек осы бейне кез-келген педагогтың бойынан табылуы тиіс. 2015 жылы Қазақстанда басталған орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде барлық пән бойынша бағдарламалар жасақталып, курстар ұйымдастырылғанын ел-жұрт жақсы біледі. Бағдарламаның негізгі басымдықтары ретінде шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау, коммуникативті қарым-қатынас жасау, өзгенің мәдениеті мен көзқарасына құрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, достық және айналаға қамқорлық көрсету, өмір бойы оқуға дайын болу, тағы да басқа құндылықтарды атаса, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу, кез-келген мәселелерді шеше алу, ғылыми-зерттеу дағдылары, жеке және топпен жұмыс жасай алу қабілеттері мен АКТ саласындағы дағдыларды атаймыз. Осы дағдыларға заманауи тренд дағдылар hard skills, soft skills, smart skills, self skills қосылып жатыр. Мұндай мықты құндылықтар мен дағдыларды әр пән педагогтары күнделікті қысқа мерзімді жоспар құрғанда оқыту білімі мен тәрбиені ұштастыра алуы шарт. Өз тәжірибемнен айтсам, облыстың барлық пән мұғалімдері біліктілігін арттырып, жоғарыда аталған кейбір қабілет-дағдылар бойынша жоспарларын құрғанды. Оқыған бағдарламалары бойынша бастапқыда тест тапсырды, кейін шағын сабақтарын өткізіп, демо сабақтарын қорғады, сертификаттарын алды. Әрине, барлық педагогтартарда болмаса да, нәтиже бар. Әттеген-айлар да кездесіп жатты. Қазір әлеуметтік желіде мұғалімдердің ұсыныспікірлері ғана емес, шағымарыздары да көп. Сондықтан педагогтар уақытында құзыреттілігін арттыру мақсатында заманауи трендтен қалмау мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұруы тиіс. Әр педагог жаңартылған оқу бағдарламасы аясындағы белсенді оқу, бірлескен оқу, саралау, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру, оқу диалогтары, электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану, модельдеу сияқты тәсілдерді түсіне отырып, білімін түрлендіре жеткізуі, нақты мақсаттармен жоспар құра алуы керек. Мұғалімнің кәсіби дамуының заман талабына сай талаптармен үндесуі мына қағидаттармен негізделеді: Балалар қалай оқиды? Олар нені оқыту керек? Оқытудың реттілігін қалай құрылымдау керек? Сіздің табысқа жеткендігіңізді қалай бағалауға болады? Ол үшін педагогикалық қызметкерлер кез-келген біліктілік курсын өтіп келген соң немесе оқыту бағдарламаларын өз ортасында талдап, қарастырылатын зерттеулерді қажеттілігіне орай өз тәжірибелерінде пайдалану үшін түрлі сауалдармен оқу және оқыту үшін бірлескен жұмыстан тұратын семинарлар ұйымдастыру, өз идеяларымен бөлісуі қажет. Кәсіби әңгімелер ұйымдастырылса, алдағы сабақтарын өткізу, балаларды оқыту тәсілдері жөнінде бірлескен жоспарлар құрылса, сыныпта не аудиторияда шешім шығарып, қорытынды жасау, тәжірибе мен жіберілген қателіктер негізінде оқытулар тәрізді нақты жұмыстар көрініс тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Өзін құрметтейтін кез-келген мекеме негізгі мәселелердің қатарында әрқашан кадрлардың дамуын қарастырады. Ал, кадр дамуының негізгі кілті – біліктілікті арттыру курстарында. Кемел тұлғаны қалыптастырудағы бұл курстардың маңызы зор. Курс – әрбір педагогтың және тұтас білім беру мекемесінің кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасына ықпал ететін аналитикалық құзыреттілікке негізделген. Аналитикалық қызметтің нәтижесі сіздің кәсіби міндетіңізді шешуге көмектеседі. Айталық, келешектегі іс-әрекетті дұрыс жоспарлау, іс-тәжірибеде кездесетін көптеген мәселелердің жауабын табу, оқу процесінің және өз еңбегінің нәтижелерін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Әр маман рефлексия жасай алуы керек. ХХІ ғасырда керекті қабілеттер мен қасиеттерді заманауи дағдылармен ілгері жетілдіріп, белсенді сабақты жоспарлау үрдісін үйренемін, үздік сабақтың алты белгісін білгім келеді десеңіз әркез кеңес беруге әзірміз.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости