Түркі дүниесі математиктерінің vii бүкіләлемдік конгресіне (twms congress 2023) 52 мемлекеттен 500-ден аса ғалымдар қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Түркі әлемі математиктері қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Бақытжан Жұмағұлов айтты.
– К е ң а у қ ы м д ы а ш ы қ ә ң г і м е алаңын түркі әлемінің математика қауымдастығының қолдауымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, сонымен қатар Түркістан облысының әкімдігі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар жүйесі университеті, еліміздің бірқатар ЖОО-лары мен ғылыми-зерттеу институттарының ұйытқы болуымен өтпек, - дейді ол. – Пленарлық және секциялық отырыстарды өткізу үшін алаңдар мен аудиториялрды Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұсынады. Д ү н и е ж ү з і ғ а л ы м д а р ы н ы ң халықаралық қатынастары мен ғылыми серіктестіктерін нығайту, математика ғылымын, осы ғылым саласы бойынша жеткен жетістіктерді, ақпараттық технологияларды ғылыми-зерттеу, т е х н и к а ж ә н е б і л і м с а л а с ы н д а д а м ы т у – өткізілгелі отырған конгрестің негізгі мақсаты. А у қ ы м д ы ғ ы л ы м и ш а р а н ы ң б а с т а м а ш ы с ы – Т ү р к і ә л е м і математиктерінің қауымдастығы 1999 жылы негізі қаланып, қысқа уақыт ішінде жоспарланған ауқымынан асып, құрамына Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанға қоса, Ресей, Иран, Қытай, АҚШ және көптеген еуропалық елдің ғалымдарында қамти алды. Аталған қауымдастықтың алғашқы жиыны құрылған жылы Фират университетінде (Элазиг, Түркия) өтсе, келесі құрылтайы – 2007 жылы, яғни негізі қаланғаннан сегіз жыл өткен соң, Түркияның Адапзары қаласындағы Скарья университетінде ұйымдастырылды. Ал түркі әлемі математиктерінің ІІІ құрылтайы 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінде (Алматы) өтті. Ол кезде мен Қазақстанның жоғары білім жөнінен жетекші университетінің ректоры болдым да, осынау ауқымды іс-шараның әзірлік жұмыстарымен айналыстым. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан математиктер қауымдастығы және ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өткен ол құрылтайға 15 елден, атап айтқанда, Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Иран, Қытай, Моңғолия, Швеция және Мароккодан мыңға жуық ғалым қатысты. Пленарлық, секциялық және стендтік жиындарға 300-ге тарта ғалым қатысты, математика ғылымының өзекті мәселелері мен оны шешу жолдары талқыланып, оқыту тарихы мен әдістері жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Әрі қарай эстафетаны 2011 жылы Әзербайжан Республикасы жалғап, математиктердің келесі конгресі Баку университетінде өтті. Сол жолғы құрылтайға АҚШ, Ұлыбритания және Франциядан да ғалымдар қатысты. Үш жылдан кейін V құрылтай Ыстықкөл маңындағы демалыс аймағында өтті. Ол құрылтайды Қырғызстан математика қауымдастығы мен Қырғызстан Ғылым академиясының математика және механика институты ұйымдастырды. Осы жиынға АҚШ ғалымдарының қатысуы форум мәртебесін биіктеткені шүбәсіз. Содан кейінгі кезек елордамыз Астана қаласына келді. 2017 жылы өткен VII құрылтайдың иесі Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болды. Құрылтай жұмысына 500-ге жуық адам қатысты, оның ішінде 20 елден келген 100-ге тарта шетелдік көрнекті ғалымдар болды. Форумның көкжиегін Польша, Германия, Біріккен Араб Әмірліктерінен қатысқан өкілдер кеңейтті. Құрылтайға жолданған 507, ғылыми және стендтік баяндамалардың 320-сы тыңдалды. Математик-ғалымдардың Астана конгресінің ғылыми секциясында математика ғылымының негізгі б а ғ ы т т а р ы қ а м т ы л д ы . К е л е с і бағыттар бойынша өзекті мәселелер қаралды: алгебра, математикалық логика, геометрия мен топология, теориялық қызмет, дифференциалды теңдеу мен математикалық физика, қатыстық теориясы мен математикалық статистика, есептеу математикасы, басқару және оңтайландыру теориясы, математикалық модельдеу, ақпараттық технологияның негізгі теориялары және математиканы оқыту тарихы мен әдістері. Бұл жолғы негізгі ерекшелік конгерсс аясында Functional analysis in interdisciplinary applications халықаралық конференциясы, Inverse and Ill-posed Problems and its appli-cations кіші симпозиумы мен Non-associative algebras and combinatiorics және Mathe-мatical Modeling семинарларының өтуі болды. Өкінішке қарай, коронавирустық пандемияның өршіп кетуіне байланысты ауқымды ғылыми кеңестерді өткізу жұмысы доғарылып, тек биыл ғана қайта жаңғыртуға мүмкіндік алуымыз ғалымдар үшін ортақ қуаныш, әрине. Бұл сөзіме VII құрылтайға қатысуға өтініш білдірген елдер санының көптігі дәлел. 2017 жылға қарағанда, бұл жолғы құрылтайға қатысуға ниет білдірушілер 2,5 есе көп. Екі рет қатарынан TWMS Congress өткізген Қазақстанның тағы да ауқымды шараның басты бастамашысы екендігінің көрсеткіші. Бұл жайдан-жай емес. Себебі Қазақстан математика қауымдастығы әр уақытта белсенді, ғылыми бірлестіктерде үнемі көшбасшылар қатарында, ал отандық математика мектебі әлемдік беделге ие. Thomson Reuters және Essential Science Indicators сараптамалық мекемелерінің мәліметі бойынша Қазақстанда математика ең жемісті сала ретінде танылған. Қазақстандық ғалымдар функционалды анализ, қарапайым дифференциалды теңдеулер мен дербес туынды теңдеулер, алгебра, логика, математикалық модельдеу, есептеу математикасы, аэро және гидродинамика, қатыстық теориясы, математикалық статистика секілді маңызды бағыттар бойынша жылдар бойы қажырлы зерттеу жүргізіп жатыр. «Қазақстанның математикаға бейімділігі – тегінен» деген болатын көрнекті ғалым, академик, менің ұстазым Ш.Смағұлов. Қазақстандық математиктердің қиындықтарға қарамай, өз биігін сақтап қала алғандығы қуантады. Алдағы уақытта білікті математиктерді тәрбиелей алатынымызға сенімдімін. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары әлемдік деңгейдегі математика олимпиадаларында 300-ден астам алтын медальға қол жеткізсе, 2017 жылы халықаралық білім бәйгелерінде командалық есепте 17 орынға табан тіреді. Қазіргі кезде білім саласы мен жоғары мектептерде нақты ғылымдарға көңіл бөлу нығайып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтар күнгі отырысында «Гуманитарлық мамандыққа құмарлықтың заманы өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек» - деген болатын. Демек, қазақстандық математика мектебі әрі қарай дамып, әлі де жаңа белестерді бағындыра береді деген сөз. «Ғылымдар патшасы» саналатын математиканың әртүрлі салалары бойынша түрік ғалымдары маңызды нәтижеге қол жеткізді. Олар бүгінде алгебра, сандар теориясы және оны қолдану, бірқатар жаңа маңызды бағыттар бойынша зерттеу жұмыстары арқылы әйгілі. Қырғыз ғалымдары толқын таралуын зерттеудің жаңа әдісін ойлап тапты, динамикалық жүйелер теориясынан да жақсы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ қырғыз бауырларымыз топологиялық және түзу кеңістік, геофизиканың кері мәселелері, ішінара туындылар ішіндегі сызықты емес теңдеулер бойынша үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Математика ғылымында әзербайжан ғалымдарының математикалық физика саласы бойынша үздік нәтижелерге жиі қол жеткізуі – түркі дүниесі үшін ортақ мерей. Мұндай жұмыстар мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану кезінде өте тиімді. Әзербайжандық математик-ғалымдар дабыл белгілерін вейвлет анализі арқылы өңдеп шығару әдісінің қолданылуы, сейсмологияда фрейм теориясы, физикалық теорияда, функционалдық анализде, топологияда алгебралық және логикалық әдістерін сынауда өте үлкен жетістіктерге жетті. Өзбек ғалымдарының қатыстық теориясына байланысты математикалық статистика және алгебраның нақты реттелген мәселелерін қолдану, эпидемиология, эрогидродинамика, оңтайлы бақылау, стационарлық кездейсоқ процестер, кванттық теория бойынша еңбектері де қуантады. Түркімен және тәжік математиктері сингулярлық дифференция және интегралды теңдеу, дифференциалды ж ә н е п с е в д о д и ф ф е р е н ц и а л д ы операторлардың спектральды теориясы негізіндегі зерттеу жұмыстарымен мақтана алады. Бұл – TWMS бекіткен санаулы мемлекеттердің азғантай ғана еңбектерінен келтірілген деректер. Алда әлі талай математикалық жаңалық-жетістіктерге қол жеткізіп, біраз биіктерді бағындыруымыз керек.
Түркі әлемі әрдайым Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алтын көпір саналып, оның тарихи міндеті – әртүрлі мәдениет пен өркениеттерді жақындастыру болды. 1991 жылдан, яғни Түркі кеңесі (бұл күнде Түркі мемлекеттерінің одағы) құрылғанға дейін, аймақтық саммиттер үнемі өтіп тұрды. Түркі мемлекеттерінің одағы Түріксой, ТүрікПА, Түркі академиясы. Бұл құрылымдар оқырмандарымызға барынша таныс болғандықтан, толық атауларын түсіндіріп жатудың өзі артық деп ойлаймын. Қазақстан бұл ұйымдардың құрылуында үлкен рөл атқарады, сол себепті де біздің елдің біріктірушілік имиджі қалыптасты. TWMS – көпжақты серіктестіктің ең сәтті болған бағыты. Математика ғылымына тікелей қатысты ғалымдардың Түркістанда өтетін конгресі сөзсіз ғылым үшін, елдер арасындағы достықты нығайту үшін де айтулы оқиға болмақ. Аталмыш ауқымды шара геосаяси серіктестік жолындағы ірі істердің бірі болатыны анық, себебі БҰҰ-ға мүше елдердің үштен бір бөлігі осы құрылтайға қатысуға ниет білдіріп отыр. Оның үстіне бұл жолғы жиын мәдени-эстетикалық тұрғыдан ерекше құнды болмақ, себебі түркі халықтарының рухани астанасы, Ислам мәдениетінің киелі шаһарларының бірінде өтеді. 17 маусым күні Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты ұлттық құрылтайдың екінші алқалы жиынында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев: «Бірнеше ғасыр бойы Түркістан еліміздің маңызды саяси орталығы әрі астанасы болды. Бұл жер ұлы даланы билеген хандарымыздың ордасы болды. Осы жерде әділдік салтанат құрып, дана билеріміз елді бірлікке шақырып, ынтымаққа үндеді. Осының бәрі біздің Отанымыздың бір орталыққа бағынған, тамыры терең іргелі ел екендігімізді айғақтайды» - деген болатын. П р е з и д е н т қ а л а н ы ң р у х а н и тұрақтылығына да тоқталып: «Ата-бабамыздан бізге мол мұра қалды, ендігі жерде сол мұраны жаңғыртып, бүкіл әлемге насихаттауымыз керек. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – мінсіз тарихымыздан қалған ең ұлы жәдігеріміз және рухани құндылықтарымыздың ішінде айрықша орны бар ғимарат. Бұл жәдігерімізді еліміздің ұлттық тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің қатарына қосу туралы ұсыныс айтылды. Мен бұл ұсынысты толықтай қолдаймын. Түркістан, кесене туралы айтылғанда Қожа Ахмет Ясауи туралы айтпай кетуге болмайды. Ол – ұлы ойшыл, түркі әлеміне ислам дінін насихаттау жолында үлкен еңбек сіңірген рухани көшбасшымыз» деп баға берген болатын. Талай ақындардың өлең-жырына арқау болған ежелгі Тұран! Көш соңынан көш ілескен Ұлы Жібек жолының бойында орналасып, ортағасырлық қолөнер мен білімнің қайнар бұлағына айналып, гүлденген аймақ. Бұл жерде көне ғимараттар мен көздің жауын алар заманауи сәулет өнерінің туындылары қатар орналасса да, 1500 жылдық тарихы бар ежелгі қаламыздың өзіндік сұлулығы мен ұлылығына көлеңкесін түсірмейді. Бір ғанибеті, осындай тарихи м е к е н г е к е л і п , қ ұ р ы л т а й ғ а қатысушылар тарихи жәдігерлерімізді өз көздерімен көріп, санғасырлық тарихымызды жан дүниесімен сезіне алады. Құрылтай бағдарламасында мемориалды орындарға, музейлер мен кесенелерге саяхаттау қарастырылған. Мұхаммед пайғамбар сахабаларының бірі, Қожа Ахмет Ясауидің ағасы әрі алғашқы ұстазы, қасиетті Арыстан-баб к е с е н е с і Т ү р к і с т а н қ а л а с ы н а н 6 0 шақырым жерде. Бір ерекшелігі, тұтас Түркі халықтарына ортақ әулие, ұлы ойшыл Қ.А.Ясауидің разылығын алу үшін, ең алдымен, осы Арыстан-баб кесенесіне барып тәу ету қажет деген дәстүр бар. Форум қатысушыларына достық әрі жайлы қарым-қатынас жасаулары үшін барлық жағдай жасалады. Бос уақыттарында пайдалы іс-шаралар мен әсерлі сұхбаттар ұйымдастыруға тырысамыз. Себебі форумға қатысушылар арасында әлемге әйгілі ғалымдар, Филдс сыйлығының иегерлері (төрт жылда бір рет берілетін математиктердің Нобель сыйлығы) және басқа да құрметті айрықша белгі иегерлері, осынау көптен күткен кездесуге, алдағы уақытта өнімді еңбек ету үшін мол күш жинап, қайталанбас әсер мен шабыт алып қайту үшін келеді. Қонақтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауларына еріктілер мен аудармашылардың ұйымдасқан үлкен тобы көмек көрсетеді. Форумдағы негізгі қарым-қатынас құралы – ағылшын, қазақ, түркі тілдері мен орыс тілі болмақ. Түркі халықтары математиктерінің дүниежүзілік VII құрылтайына қатысушы ғалымдардың әртүрлі саладағы қызығушылығын ескере отырып, форум мына бағыттар бойынша жұмыс істейді: дифференциалды ж ә н е ф и з и к а - м а т е м а т и к а л ы қ теңдеулер; функционалдық анализ; алгебра; математикалық логика және геометрия; қатыстық теориясы және математикалық статистика; кері және теріс есептер, басқаруды оңтайландыру; математикалық және компьютерлік модельдеу; анықтауыш және ақпараттық технологиялар; теориялық және қолданбалы математика; үздіксіз орта механикасы; математиканы оқыту әдістемесі мен математика тарихы. Екпін түсіріп, ерекше айтар жайт, конгресс басталар алдында баяндамалар жинағы таратылмақ. Форум жұмысы, тәжірибе алмасу және ақпараттандыру ж ұ м ы с т а р ы Б А Қ б е т т е р і н д е жарияланатын болады. Математика ғылымдар конгресі халықаралық сарапшылар кеңесімен іріктелген баяндамаларды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналдарға, сонымен қатар Web of Science және Scoups индекстеген журналдарда жариялау жоспарлануда. VII Түркі дүниесі математиктерінің бүкіләлемдік құрылтайында соңғы жылдары ашылған жаңа ғылыми жаңалықтардың нәтижелері баяндалып, теориялық және қолданбалы математиканың дамушы бағыттары айқындалып, математика ғылымына айрықша еңбек сіңірген ғалымдар мараппатталады. Сонымен қатар форум барысында Қазақстанның ғылыми жетістіктеріне арналған көрме өткізілмек. Көне де киелі шаһар Түркістанда кездескенше, құрметті достар және әріптестер!