RSS лента

Аспанда не болып жатыр? (+фото)

  • 06.11.2023, 20:00,
  • 217
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru

Атырауда қарашаның 5-інен 6-ына қараған түні аспанда ерекше құбылыс орын алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қызыл полярлық шұғыланы Атырау қаласымен қатар, бірқатар аудан тұрғындары да анық байқаған. Сондай-ақ бұл жағдайды еліміздің бірқатар облыс тұрғындары мен Ресей, Беларусь мемлекеттерінің халқы да байқап үлгерген.

 

Десек те, аталған құбылысты астраном ғалымдар «қызыл полярлық шұғыла» деп түсіндірді. Ол күшті магниттік дауылдардың нәтижесінде ғана пайда болады екен. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс - планетамыздың магнит өрісі әлсіреп, жоғары энергиялы күн бөлшектерінің атмосфераға енуінің нәтижесі болып отыр.  

 

Айта кетейік, тұрғындардың басым көпшілігі қызыл аспанды «өрттің себебінен» деп дүрліккен енді. Бірақ, облыстық ТЖД мәлімдеуінше, өңірде ешқандай қамыс өрті тіркелмеген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости