RSS лента

Ресей "қызыл түймені" басса, бәрі құри ма?

  • 14.10.2022, 04:38,
  • 925
  • 0
  • Автор:
Автор фото: 13news.ru

Астанадағы саммитке қатысып жатқан Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей ядролық қаруды қолдануы қаншалықты мүмкін екені жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы президент америкалық NBC арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.


«Ең бастысы, қарсыласыңды тығыраққа тіремеу керек. Ресейліктер айтқандай, «қызыл сызықтан» өтпеген жөн. Ядролық қару жайында айтсақ, кез келген қарудың жасалу себебі бар. Ресей өзінің позициясын нақты айды. Егер Ресей Федерациясының территориясына шабуыл жасалатын болса, ол кез келген қаруды қолданатын болады. Ал, сіздің сұрағыңызға келетін болсақ, Ресей ешқашан Украинаға қарсы ядролық қару қолдануды көздеген емес», — дейді Беларусь президенті.


Оның сөзінше, Ресейде барлық заманауи қарудың түрлері бар. Сондықтан, Мәскеу қалағанына ядролық қарусыз-ақ жетеді дейді Лукашенко. Сондай-ақ, Беларусь басшысы ядролық қару тек бір ғана мемлекетке емес, Жер бетіне қауіпті екенін және Путин де бұдан хабардар екенін аалға тартты.


«Ядролық қару қолданыла ма, жоқ па бұл туралы әңгімені кім бастағанын білесіз бе? Польша. Ол АҚШ-ты осыған қарсы әрекет етуге итермелеп отыр. Оған сенбеңіздер!», — дейді Лукашенко.


Беларусь президенті провакацияға берілмей, үстел басына отырып, бір мәмілеге келу керектігін айтады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости