RSS лента

Ядролық апат кезінде байларды құтқаратын ұшақ шыққаны рас па? (+видео)

  • 12.07.2022, 01:05,
  • 1 555
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде жақында таныстырылған сыйымдылығы бес мыңға жуық адамды құрайтын және бірнеше жыл бойы жанармай құюды қажет етпейтін қонақүй ұшағы туралы жаңалық талқылануда. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл ұшақ дүниежүзілік соғыс немесе ядролық апат кезінде аспанда жасырыну үшін элита өкілдеріне арнайы жасалған. Бұл жалған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі "Stopfake.kz"-ке сілтеме жасап. 


 

Алдымен, аталған қонақ үй-ұшағының әлі жасалмағанын және оны әзірлеу жұмыстары қолға алынбағанын атап өткен жөн. Әуе кемесінің Желіде тараған видеосы – нақты түсірілім емес, компьютерлік визуализация.


Қонақ үй-ұшағын жасау идеясының авторы –Томи Холмстен, ал оның идеясының негізінде видео жасаған бейнепродюссер Хашем Аль-Галли. 
Қонақ үй-ұшағының тұжырымдамасында оның қазіргі круиз кемелер сияқты демалу мен көңіл көтеруге арналатындығы көрсетілген. Кемеде мейрамханалар мен ойын-сауық аймақтарынан бастап, заманауи медициналық пункт пен үйлену залына дейін бар, онда сәнді және жайлы демалуға қажеттінің бәрі бар.


Бортқа жолаушыларды, персоналды және азық-түлікті жай ұшақтар жеткізетін болады.


Үлкен ұшатын қонақ үй әуе кемесіне орнатылған 20 атом қозғалтқышы мен шағын ядролық реактордың арқасында қалықтап тұрады. Осының арқасында көміртегі шығарылмайды және атмосфераны ластайды.


Ұшақтың ұзақ уақытқа жететін азық-түлік қорына арналған бункерлермен немесе қоймалармен жабдықталғандығы туралы жобада жазылмаған.


Мұндай ұшақ ядролық апаттан немесе соғыстан жасырыну үшін қажет болады деп болжауға негіз жоқ.


Демек, таратылған хабарлама – фейк. Талқыланып отырған ұшақ іс жүзінде жоқ, оны құрастыру жұмыстары әлі басталған жоқ. Ал құрастырылғанның өзінде әуе кемесі нақты адамдарды құтқару үшін емес, демалу мен көңіл көтеруге арналады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости