RSS лента

Сыртық сауданың басында шикі мұнай тұр

  • 22.05.2025, 15:11,
  • 36
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

2025 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 29 272,2 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 16 361,5 млн. АҚШ доллары, импорт – 12 911,1 млн. АҚШ доллары, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2025 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасының экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері (52,3%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,3%), мыс кендері мен концентраттары (4%), ферроқорытпалар (3,3%), бидай және меслин (2,3%). Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынып отыр.

Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмақ келесі тауарларға тиесілі: жеңіл автомобильдер (3,9%), дәрілік заттар (3,1%), моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (2,9%), телефон аппараттары (2,3%), моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары (2,2%).

Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (25,2%), Қытай (15,1%), Ресей (9,8%), Нидерланд (6,4%), Түркия (5,1%), Өзбекстан (4,7%).
Ал импорт бойынша негізгі әріптес елдері: Ресей (29,1%), Қытай (26,8%), Корея Республикасы (4,4%), Германия (4,2%), АҚШ (3%), Түркия (2,7%) мемлекеттері.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости