Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 2552,6 млн.теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 4322,9 млн. теңгені құрап отыр. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мәулен Мүтиев мәлімдеді. Электронды аудит нәтижесінде қаржылық бұзушылықтар жалпы сомасы – 417,8 млн. теңге, 3401 млн. теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары белгілі болды.
Есепті кезеңде камералдық бақылаумен 16351 мемлекеттік сатып алу қамтылып, нәтижесінде 4567 мемлекеттік сатып алулар бойынша 44486,4 млн. теңгенің бұзушылықтары анықталып, жіберілген 4523 хабарлама толықтай орындалды.
Сондай-ақ, 640 лауазымды тұлға жалпы сомасы 44,2 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 32,8 млн. теңге өндірілді.
Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне нұсқамалар жолданып, қорытындысында 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
11 айда департаментке 2492 өтініш түсіп, уақытылы тиісті жауаптары берілді.
Сонымен қатар, Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету, жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша есептеріне талдау жүргізу және тағы да басқа іс-шаралар атқарылды.
Есепті кезеңде Ішкі аудит қызметім 8 аудиторлық іс шара жүргізіп, департамент 3 аудит материалына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына ескертулермен сәйкес келетіндігі туралы сапа бақылауының қорытындысы берілді.