RSS лента

Атырауда мәдениет басқармасы миллиардтан астам теңгені мақсатсыз жұмсаған

  • 22.12.2021, 02:06,
  • 4 334
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында 1 млрд 303 млн теңге көлемінде заң бұзушылық анықталды.

Бұл жайт мемлекеттік аудит кезінде белгілі болды. Аталған сомманың 903 млн теңгесі жоспардан тыс жұмсалса, 370 млн теңгеден астам ақша тиімсіз пайдаланылған. Тексеру басқармаға қарасты 15 нысанда жүргізіліпті. 


– Жыл басында бекітіліп, яғни, Атырау обылсы әкімдігімен келісілген жұмыс жоспарының сомасы кәсіпорынмен жасалған келісім шарт арасындағы сомадан айырмашылықтар анықталды. Мәселен, 2019 жылы Атырау обылстық әкімдігімен келісілген жұмыс жоспарының сапасыз жасақталуынан жыл ішінде бөлінген қаражаттың бекітілген жоспардан тыс басқа мәдени шараға жұмсалуы -152 млн теңгенің тиімсіз пайдаланғанын көрсетті, — дейді Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Нұрбол Қонысов. 


Басқармадағылар көп жағдайда бюджет туралы кодекстің талабын бұзып, келісім шарттарда қызмет құнын көтеріп көрсетуді әдетке айналдырған. Мысалы, бюджеттен бір ғана іс-шара үшін 120 млн тг сұратып, ал тапсырысты орындаушыға 74,9 млн теңге ғана аударыпты. Айтуларынша, қалған ақша жоспардан тыс іс-шараларға жұмсалыпты-мыс.


– Аудиторлық есеп жүргізіп жатқан кезде бізде 2019-20 жылы мен басқарма басшысы міндетін атқардым 1 жыл бойы. Сол кезде қаржылық 4 маманнның орнына бала күтімі демалысынан шығып отырған бір ғана маманымыз болды. Сол кезде кемшіліктер болған шығар оны мойындаймыз бірақ бізге қиын болды. Мысалы кейбір мәселелерге қыздар жұмысқа енді шығап жатыр, келіспейміз, — дейді Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Бекежанқызы. 


Тексеру комиссиясының мүшелері 115 аудит материалын әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберіпті. Сондай-ақ, 5 лауазымды тұлғаға 3,6 млн теңге көлемінде айыппұл салған. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости