RSS лента

Емхана есепшісі 225 млн теңге "жеп" қойған

  • 11.12.2024, 09:02,
  • 828
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

«№3 Атырау қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына аудиторлық іс шара жүргізілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аудит нәтижесімен жалпы сомасы 225 347,5 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Яғни, кәсіпорын директоры тарапынан қаржының шығысталуына, жүргізілген операциялардың дұрыстығына тиісті қадағалау жүргізілмеуі салдарынан еліміздің Бюджет кодексінің  талаптары  сақталмай, кәсіпорынның бас есепшісі директормен сеніп тапсырылған  электрондық цифрлық қолтаңбасын  қолдану арқылы, кәсіпорынның есепшотынан өзінің жеке кәсібіне 225 347,5 мың теңге қаражат  аударған.


Анықталған бұзушылықтарға сәйкес кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, соттың шешімімен сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу фактісімен кінәлі деп танылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости