Осы бағдарламаға қатысамын деген жеке кәсіпкерлер Сауда комитетінің барлық өңірдегі Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттеріне жүгіне алады. Бұл жайлы ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ брифингінде айтты.
Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережесінде қолдау шараларына ие болған жеке кәсіпкерлер үшін қарсы міндеттемелер қарастырылған.
«Мемлекеттік қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің 20%-на отандық азық-түлік өнімдері мен азық-түлік емес өнімдерді орналастыру керек. Жалпы Ішкі сауда ережесінде көрсетілген «сауда сөресінің 30%-ы отандық азық-түлік өнімдерін өндірушілердің үлесіне берілуі керек» деген міндеттемені қосатын болса, бұл көлем 50%-ға жетеді. Сондай-ақ қолдау алған ішкі сауда субъектісі сауда сөресінің тағы 20%-ын отандық азық-түлік емес өнімдерін өндушілердің үлесіне беруі қажет», – деді ведомство өкілі.
Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау – экономикалық белсенділіктің өсуіне, әлеуметтік салаға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ сауда инфрақұрылымын дамытуға оң әсерін тигізеді.