RSS лента

Алаяқ әйел халықтан 65,9 млн теңге жымқырған

  • 05.09.2024, 15:35,
  • 89
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы Батыршина Дана Анварқызы 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған. Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған. Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

 

«Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7-701-218-05-23 - іздеу бойынша, +7-727-279-29-56 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз» делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости