"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Шапағат Әубәкір 2023 жылдың қаңтар айында ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалған еді.
Әубәкір 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі, «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімінің» басшысы лауазымдарын атқарды. 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.