Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен білдік.
Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.