RSS лента

Бір жылда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2,9% өскен

  • 12.02.2024, 11:16,
  • 164
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stat.gov.kz

Ал қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағалары 4,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы қаңтарда 4,3% жоғарылады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтер нарығында жылдық мәнде баға Қызылорда және Қостанай қалаларында қымбаттады, сәйкесінше 11% және 6,2%. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің лидері – Атырау (8,2%) мен Жезқазған қалалары (5,4%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (26,7%), Қарағанды (23%) және Атырау қалалары (21%).


Бір айдың ішінде (2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы желтоқсанға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі қаңтарда өткен аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалған. 


2024 жылдың қаңтарында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 2023 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 30,5%-ға көбейген, ол кезде 24 294 мәміле ресімделген болатын. Оң көрсеткіш, Маңғыстау және Ұлытау облыстарын қоспағанда, еліміздің барлық аймағында тіркелді, аталған өңірлердегі төмендеу тиісінше 7,4% және 7%. Ұлғаюдың ең жоғар көрсеткіші Павлодар облысында (58,2%).

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости