RSS лента

2023 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция деңгейі 11,8% құрады

  • 02.10.2023, 13:06,
  • 331
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қыркүйекте 0,6% құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Бюроның жариялаған мәліметінше, ақылы қызметтер – 0,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,3% өсті.


Инфляцияның өсуіне білім беру қызметтері қомақты үлес қосты. Кәсіптік орта білім беру – 11,3%, жоғары білім беру – 10,8%, орта білім беру 6,3% қымбаттады. Баға мектеп оқушыларына арналған спорт секцияларындағы сабақтарға – 3,2%, таксимен жол жүруге – 2,6%, тұрғын үйді жалға алуға 2,3% өсті.


Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында бір айдың ішінде баға айтарлықтай тас көмірге 3%, ағаш отынына 2,5% өсті. АИ-95/96 маркалы бензин – 2,7%, АИ-98 1,8% қымбаттады. Жиһаз және үйге қажетті заттардың бағасы – 2%, ноутбук – 1,5%, киім және аяқ-киім 1,2% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында баға бір айда күрішке – 3,2%, жұмыртқаға – 2,9%, жаңа ауланған балыққа, тұздалмаған сары майға – 2,1%-дан, минералды және ауыз суға 1,5%, жаңа піскен жемістерге 1,1% өсті. Бір айдың ішінде, керісінше, картоп 10,3%, жаңа піскен көгөніс 2,3%, күнбағыс майы 2%, жарма 1,5%, құмшекер 1,3% арзандады.


Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,1% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында 100% баға индексін құрады.


Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы қаласында – 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – Жетісу облысында 1,4%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында 2,1% өсті.


2023 жылғы қыркүйекте жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 11,4%, ақылы қызметтер – 11,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 12,1% өсті.


*Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости