Бұл ақпарат – алаяқтардың ісі. Әрбір қазақстандыққа төленетін төлемдер жайлы жаңа қаулы туралы хабарлама фейк болып табылады. Ресми дереккөздерде және БАҚ-та мұндай ақпарат жоқ.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таралған ақпаратты жоққа шығарды. Хабарламада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды, ал тіркелген сілтеме ҚР Қаржы министрлігінің атынан ашылған жалған сайтқа апарады. Ведомство өкілдері барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми порталында орналастырылатынын атап өтті.
Естеріңізге салайық, ақшаңыздан айырылып қалмау және киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз және үшінші тарап ресурстарында жеке және банктік деректерді қалдырмаңыз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіз.