Онда Қазақстан азаматтарына 100 мың теңгеден бастап төлемдер төленетіні туралы жазылған. «Есептеулерді тексеру» үшін пайдаланушыларға ҚР Қаржы министрлігінің жалған сайтына апаратын сілтеме арқылы өту ұсынылады.
Бұл ақпарат – алаяқтардың ісі. Әрбір қазақстандыққа төленетін төлемдер жайлы жаңа қаулы туралы хабарлама фейк болып табылады. Ресми дереккөздерде және БАҚ-та мұндай ақпарат жоқ. Бұл туралы stopfake.kz мәлім етті. ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таралған ақпаратты жоққа шығарды. Хабарламада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды, ал тіркелген сілтеме ҚР Қаржы министрлігінің атынан ашылған жалған сайтқа апарады. Ведомство өкілдері барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми порталында орналастырылатынын атап өтті.