RSS лента

Енді әр қазақстандыққа 150 мың теңгеден төлене ме?

  • 23.11.2023, 02:38,
  • 1 439
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Әлеуметтік желілерде «төлемдер туралы жаңа қаулы» жөніндегі видео жарияланды, оған сәйкес Қазақстанның әрбір тұрғынына 150 мың теңгеден бастап өтемақы беріледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Бейнероликте пайдаланушыларға «Төленбеген Ақша қаражатын Қайтарудың Ресми Өтемақы Орталығы» – ТАҚҚ РӨО сайтына апаратын сілтеме бойынша өту ұсынылады. Онда сатып алу кезінде банк картасын қолданған пайдаланушыларға салықтың қайтарылатыны айтылады. Ол үшін нұсқаулыққа сәйкес сауалнаманы толтырып, деректерді және өтемақы алу тиісті карта деректерін көрсету керек. "Бұл ақпарат – фейк" деп мәлім етті stopfake.kz порталы. Себебі, олай істеуге болмайды. ТАҚҚ РӨО – бұл бұрыннан белгілі алаяқтық схема, оның көмегімен қылмыскерлер ақшаңызды иемденуі мүмкін.


Мұндай төлем жасау жарнамасы бұған дейін Ресей мен Беларуссияда таралған болатын. Қазақстанда мұндай видеолар 2020 жылы болған. Оларды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ресми түрде теріске шығарды.


Демек, әрбір қазақстандыққа өтемақы төленетіні туралы таралған ақпаратқа сенбеген жөн. «Төлемдер туралы қаулы» туралы ақпарат ҚР мемлекеттік органдарының ресми сайттарында да, БАҚ-та да жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости