Мессенджерге 15 жыл болған екен, осыған орай, хабарламаны 10 танысыңызға жіберу керек, сонда 900 жаңа белгі беріледі екен. Іс жүзінде бұл хабарламаның WhatsApp-қа ешқандай қатысы жоқ.
WhatsApp-тың ресми сайтында қосымшаның іске қосылған күніне арналған ұтыс ойыны немесе жаңа белгілер берілетіні туралы жаңалықтар жоқ. Байланыс телефондары арқылы тарату ұсынылған осындай хаттар бұрын да болған. Олардың авторлары ICQ мессенджері болғанда пайдаланушыларға хабарламаны одан әрі таратса, индикатор белгінің түсі жасылдан алтын түске боялады дейтін. Мәтінде бұл ICQ- Corporation-ның 10 жылдық мерейтойына арналған сыйлық деп жазылған болатын. Осы сияқты спам-хабарламалар әлі де бар. Бірақ олар енді WhatsApp-та таратылуда. Оның мазмұны әртүрлі болады. Кейде пайдаланушылардан жаңа вирустар туралы ескерту үшін хабарламаны таратуды сұрайды, кейде алаяқтармен қорқытады, не болмаса қандай да бір сыйлықтар беруге уәде етеді, мәселен, жаңа белгілер жиынтығын және «жасыл құсбелгіні». Мұндай хабарлама келіп түссе, ең бастысы – пайдаланушы одан әрі әрекет ету үшін кіруге тиіс сілтемелердің болуына назар аударған жөн.
Егер хабарламада интернеттегі үшінші тарап сайтына сілтемелер болмаса, онда ол қауіпті емес. Бұл жай ғана әзіл ретінде жасалып, қосымшада таратылатын мәтін. Мұндай спам қауіп төндірмейді. Бірақ онда жазылған 900 белгі туралы ақпарат та шынайы емес. Мұндай хабарламаға сеніп, оны таратпаған жөн.