Видеода экраны монитор көрсетілген, ондағы бейне бір уақытта хабар алмасатын бірнеше терезеге бөлінген.
Бұл видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл видео әлеуметтік желілерде 2023 жылдың қазан айының соңында тарала бастады. Сондай-ақ, оны Өзбекстан мен Дағыстан пайдаланушылары жаппай таратқан, осылайша билік Telegram немесе WhatsApp мессенджерлерде хабарламаларды қадағалайды екен.
Видеоның сапасы төмен, сонда да кадрдан мессенджер интерфейсінің Telegram-ға да, WhatsApp-қа да ұқсамайтынын көруге болады. Экранда көрсетілген дүние қытайлық WeChat мессенджеріндегі жарнамалық спам-хабарламаларды жаппай таратуға ұқсайды.
Демек, видеода айтылған ҰҚК WhatsApp-тағы хат-хабарларды қадағалайтыны туралы мәлімдеме жалған.