RSS лента

56 мың теңге салып, миллион алуға бола ма?

  • 06.10.2022, 03:02,
  • 782
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желіде күдікті жазба тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде пайдаланушыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға инвестиция салуға шақыратын жарнама көрсеіледі. 56 000 теңге сала отырып, бір аптада 126 100 теңге, ал бір айда бір миллион төрт жүз мың теңге табуға болады екен. Мұны stopfake.kz жоққа шығарды.



Бұл хабарландырудың «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға ешқандай қатысы жоқ және оны алаяқтар таратуда. Компанияның ресми сайтында осындай алдау схемалары туралы ескерту жарияланған.


– «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын хабарлайды. Таралған жарнама жалған және алаяқтық сипатқа ие, – делінген хабарламада.


Фейк инвестициялар туралы ескертулер компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында да бар.


Алаяқтар «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ атауы мен беделін бұған дейін де өз мақсаттарында пайдаланған болатын. Біз осыған ұқсас жарнамалық хабарламалар туралы жазған болатынбыз.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости