Осыған орай, stopfake.kz мәселенің мән-жайын анықтады. Айтпақшы, видео скриншоты арқылы суреттерді кері іздеудің көмегімен роликтің осы жылдың басында Желіде кеңінен тарағанын анықтауға болады екен. Оны әртүрлі елдердің тұрғындары таратқан және онда Қытайда алмаларды шын болы көрінетіндей етіп бояйды деп жазылған.
Түпнұсқа видеео «@cacao_ing» лақап аты бар пайдаланушының TikTok аккаунтында жарияланған. Роликтің бастапқы сипаттамасында видеодағы адамдар жалған алма емес, шоколад шығарып жатыр дееп жазылған.
Осы аккаунттағы басқа видеода мұндай кәмпиттерді қалай жасайтыны көрсетілген. Кадрларда мұндай алманы шын жеміспен шатастырып алу үмкін еместігін, өйткені оның ішінде кішкентай драже барын байқауға болады. Сондай-ақ, роликте ақ шоколадты сыртынан қызыл бояумен бояп жатқаны көрсетілген.
Алма тәрізді кәмпиттер карамельдегі алма сияқты Қытайда Жаңа жыл немесе Әулие Валентин күнін атап өтуге арналған танымал десерт және дәстүрлі тағам болып табылады.
Демек, Қытай Қазақстанға жасанды алма сататыны туралы ақпарат – фейк. Бұл видееода жалған жемістер емес, дәстүрлі шоколад кәмпиттерін жасау процесі көрсетілген.