RSS лента

2025 жылы әлемде тәуелсіз мемлекеттер болмай ма?

  • 05.12.2021, 21:08,
  • 867
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Telegram чаттарында бірде-бір тәуелсіз мемлекет көрсетілмеген әлем картасы, сондай-ақ БҰҰ-да 2025 жылы жаңа әлемдік тәртіп енгізіліп, әлемнің қатты өзгеретіні туралы жазылған құжат ұсынылған видео тарады. Бұл конспирология.


Картадан бастайық. Ролик авторының айтынша, әлем картасы нақ осы түрінде болашақ ұрпаққа арналған география оқулықтарында басылып шығарылады, өйткені жер бетінде ешқандай мемлекет қалмайды. Шын мәнінде, суреттен тапсырманы көруге болады: «Географтар аймақтарды белгілейтін әртүрлі тәсілдерді сипатта». Яғни, әлемде тәуелсіз елдер жоқ немесе болмайды деп еш жерде жазылмаған. Сонымен қатар, ірі қалалар мен астаналардың белгілері бар елдердің шекаралары, әдетте, тек саяси карталарда ғана көрсетіледі. Қалғандарында – физикалық, тектоникалық, климаттық және т.б. мемлекеттердің шекаралары белгіленбейді.


Талқыланып отырған суретте барлық құрлықтар алты аймаққа бөлінеді: Африка, Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа, Шығыс Жерорта теңізі және Батыс Тынық мұхиты. Бұл жіктеуді 1970 жылы БҰҰ Хатшылығының статистика бөлімінің мамандары әзірлеген, кейіннен ол 1975, 1982, 1996 және 1999 жылдары жетілдіріле түсті. Мұндай жіктеу M49 деп аталады және 249 елдің шартты түрде 6 аймаққа, 17 субаймақтық топқа және 9 субаймақтық топқа бөлінетініне негізделген.


Мұндай стандартты енгізіп, мемлекеттердің егемендігін ешкім жоймағаны анық.


2025 жылы тәуелсіз елдер жойылады деп айтылған құжатқа келетін болсақ, оның шығу тегі белгісіз. Бір қызығы, мәтінді бөгде тарап сайттарынан көруге болады, ал БҰҰ-ның ресми сайтында мұндай атаумен және нөмірмен шыққан директива жоқ.


Құжат сырттай БҰҰ сайтында жарияланған ресми директивалардан, ұсыныстар мен қаулылардан өзгеше екенін атап өткеніміз жөн. Қазнетте таратылған мәтіннің ешқандай логотипі, титулдық парағы және авторын көрсететін өзге де нұсқаулары жоқ.


Сондай-ақ, мұндай директиваның болу ықтималдығы БҰҰ-ның 2025-2030 жылдарға арналған ресми жоспарына қайшы келеді. Ол әлемдегі тұрақты дамуға, аштыққа, экологиялық проблемаларға, әлемдегі теңсіздікке және т.б. арналған. Алайда, онда елдердің егемендігін жою және біртұтас әлемдік үкіметтің құрылуы туралы ештеңе айтылмаған.


Жалпы, белгілі бір «жаңа әлемдік тәртіптің» қалыптасуы конспирологиялық теориялар болып табылады және БҰҰ-ға ешқандай қатысы жоқ. Біз бұл туралы толығырақ жазған едік.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, видеода көрсетілген карта 2025 жылы барлық елдердің тәуелсіздігінің жойылуының белгісі емес және көрсетілген құжаттың шығуы белгісіз деген қорытынды жасауға болады. Демек, оны БҰҰ мамандары жасаған деп айтуға негіз жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости