RSS лента

Қазақстандықтар онлайн-дүкенге алдануда

Автор фото: stopfake.kz

WhatsApp-та сауалнамадан өтіп, сыйлық ретінде смартфон алуға шақыратын хабарлама тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Акцияны Wildberries онлайн-дүкені ұйымдастырған екен. Бұл – алаяқтардың ісі.



Дүкеннің ресми сайтында сауалнамадан өткені үшін смартфон ойнатылатын туралы ақпарат жоқ. 
Әлеуметтік желілердегі маркетплейстің ресми парақшаларында да ұтыс ойыны туралы айтылмаған. Демек, Wildberries-тің бұл сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ.


Сауалнамадан өткені үшін ақша немесе бағалы сыйлықтар ұсыну – алаяқтардың сүйікті әрекеттерінің бірі. Осылайша олар жеке деректерді жинайды: логиндер, парольдер, онлайн-банкингке кіру кодтары және төлем карталарының деректері.


Мұндай сауалнамаларға қатыспаған жөн. Сізге ешқандай сыйлық берілмейді, бірақ жеке шоттарыңызға кіру мүмкіндігінен немесе картадағы ақшаңыздан айырылуыңыз ықтимал.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости