RSS лента

Қазақстандықтарға 325 мың теңге таратылып жатыр ма?

  • 08.12.2022, 00:13,
  • 1 538
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ төлейтін төлемдер жарнамасы таратылуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бірақ, stopfake.kz жағымды жаңалықтың жалған екенін мәлімдеді. Компанияға сауалнамадан өткендердің барлығына 325 мың теңгеден төлеу міндеттелген екен. Бұл – алаяқтық.



Іс жүзінде «ҚазМұнайГаз» компаниясы ешқандай сауалнама жүргізбейді. Ресми сайтта да, әлеуметтік желілердегі парақшаларда да мұндай хабарландырулар жоқ.

 

Бірақ екеуінде де «ҚазМұнайГаз» атынан әрекет ететін алаяқтар туралы ескертулер жарияланған.

 

Сауалнамалар үшін сыйлықтар немесе ақшалай сыйақылар беру – онлайн-алаяқтар ұнататын әдісі. Осылайша олар пайдаланушыларды фишингтік сайттарға тартып, алдап, дербес ақпаратқа қол жеткізеді.


Фишингтік ресурстарды қалай тануға болатындығы және алаяқтардың қармағына түспеу жолдары туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости