RSS лента

WhatsApp-та таңғажайып функция пайда болды

Автор фото: ашық дереккөз

WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер пайдаланушыға жіберілген хабарламаны түзеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияның іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Енді сіз жіберген хабарламаңыздағы қатені оңай түзете аласыз және хабарлама жеткізілгеннен кейін қосымша мәліметтерді қоса аласыз. Ол үшін жіберілген хабарламаны басып тұрыңыз, содан кейін пайда болған мәзірден "Өңдеу" пәрменін таңдаңыз. Ондай өзгерісті хабарламаны жібергеннен кейін 15 минут ішінде жасауға болады", – дейді әзірлеушілер.


Өңделгеннен кейін жазба "Өзгертілген" деп белгіленеді, бірақ басқа пайдаланушылар түзету тарихын көрмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Алдағы апталарда бұл мүмкіндік бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға қолжетімді болады деп хабарланды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости