RSS лента

Миттал ArcelorMittal-ды $286 млн-ға сатты

  • 08.12.2023, 12:24,
  • 398
  • 0
  • Автор:
Автор фото: arcelormittal.kz

Келіссөз кезеңі аяқталғанын Үкіметтегі баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

Министр, 2023 жылғы тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарында жалғасып жатқан апаттар компанияның өз инвестициялық және өзге де міндеттемелерін елеулі ережебұзушылықтарға әкеп соқтырғанын мәлімдегенін еске салды. Сондай-ақ, Президентіміз «АрселорМитталдың» қазақстандық нарықта бұдан ары жұмысын жалғастыруы мүмкін емес екендігіне назар аударған еді. 


Бұл кезде Қазақстан үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" иелерімен ArcelorMittal компаниясының металлургиялық комбинат құрамынан шығуы туралы келіссөздер жүргізіп жатқан. Олар 2022 жылдың 3 қарашасында АМТ-ның еншілес кәсіпорны Ленин атындағы шахтада болған қайғылы апаттан кейін басталды.

 

Қазақстан үкіметі "АрселорМиттал Теміртауға" нақты талаптар қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы АМТ кәсіпорындарындағы апаттар жүйелі сипатқа ие болғанын ерекше атап өтті.

 

Қарқынды жүргізілген келіссөз нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасында «Standstill Agreement» келісіміне қол қойылды, бұл қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау мен аудит жүргізуге мүмкіндік береді.


Келіссөз барысында ArcelorMittal 3,5 миллиард доллар сұратты, бұл Әділет министрлігі тартқан халықаралық кеңесшілердің есептеулеріне сәйкес келмеді. Бұл келіссөздер процесінің ұзаққа созылуының негізгі себептерінің бірі болды. Сонымен бірге, біздің мақсатымыз қыруар қаражат жұмсалатын және ұзаққа созылатын халықаралық сот процестеріне жол бермей, комбинатты әділ бағамен сатып алу болды.


Шарлапаевтың айтуынша, Келіссөздер процесі жалпы 11 раундқа созылды, оның жетеуі 2023 жылдың қыркүйегінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылғаннан кейін өтті. Дәл осы кезеңде екі тарап та нақты ұстанымға қол жеткізді. Үкімет пен ArcelorMittal арасындағы келісімді аса маңызды әрі ауқымды мәміле деп атауға болады. Мәміле құрылымының 3 негізгі элементі:

- Мемлекет активтердің құнын 3,5 млрд-тан 286 млн долларға дейін төмендетті;

- Мәмілені іске асыруға бюджеттен бір де бір теңге жұмсалған жоқ;

- Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясы алдағы төрт жыл ішінде қысқа мерзімді 250 млн доллар қарызды жабуды және 450 млн доллар көлеміндегі ұзақ мерзімді қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.

 

Бұл ретте ескертен жайт, 286 миллион доллар ― бұл толыққанды жұмыс істейтін екі кәсіпорынның құны ("АрселорМиттал Теміртау" және "Ақтау құбыр зауыты").

 

Сонымен қатар, ArcelorMittal Қазақстан Үкіметіне ешқандай талап қоймайтынын және Келісімге халықаралық заңнамаға толық сәйкес құқықтық өріс шеңберінде қол жеткізілгенін атап өтті.

 

Сондай-ақ, ArcelorMittal "Қазақстан халқына" қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңгеге (34,6 млн АҚШ доллары) жарна салатын болды. Қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы өзекті мәселелерін шешуге және өңірдің әлеуметтік маңызы бар жобаларын дамытуға бағытталады. Осы соманың 50%-ы Теміртау қаласын дамыту мақсатында қолданылады.


Кейбір БАҚ мен Telegram-арналардың мәліметінше, ArcelorMittal жаңа инвесторы "Allur компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев болуы мүмкін. 


Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" тиесілі Костенко шахтасындағы жарылыстан 46 адам қайтыс болды.


Қайғылы оқиғадан кейін Президент Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі компанияны шетелдік инвесторлардың қолына беру жоспарланбағанын,  қауымдастық мемлекет меншігіне өткеннен кейін компанияның атауы өзгертілетінін атап өткен еді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости