Тоқаев апат болған жерге келді
- 28.10.2023, 13:22,
- 289
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: gov.kz
Мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бүгін Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, 21 адам қайтыс болды.
Еске салайық, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртеніп, салдарынан 5 кенші қаза тапқан еді.