RSS лента

«Қазақстан» шахтасында орын алған оқиғаның себептерін арнайы комиссия тексереді

  • 21.08.2023, 11:33,
  • 394
  • 0
  • Автор:
Автор фото: arcelormittal.kz

Қарағанды облысындағы шахтада өрт болып, салдарынан 5 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу үшін комиссия құрылады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Комиссияны Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев басқарады. Комиссияның құрамына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Абылқасымов, Қарағанды облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Саяш Ахметов, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиев, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар және басқалар кірді.


Еске сала кетейік, 2023 жылдың 17 тамызында сағат 10.05-те Қарағанды облысы Шахтинск қаласында, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін (горизонт – 170 м) қазу кезінде конвейер лентасы жанып, апатты жою жоспары енгізілді.


Шахтада барлығы 227 адам болды, 17 тамызда 222 жұмыскер жер бетіне шығарылды.


Құтқару операциясының қорытындысы бойынша 17-19 тамыз аралығында 5 адамның денесі табылған еді. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости