RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған жұмысшыларға көңіл айтты

Автор фото: Ақорда

Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі "Ақордаға" сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.


– «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері  мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Оставить комментарий
Последние новости