Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қаза болған кеншілердің жақындарына көңіл айтқан.
Мемлекет басшысы үкіметке "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық әріптестікті тоқтатуды тапсырған. Ол оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкімет комиссиясы құрылғанын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың тамызында компанияның "Қазақстан" шахтасындағы өрттен 5 адам қаза тапқан еді.