Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Ульяновск облысында жол-көлік апатынан 16 адам, оның ішінде 14-і Қырғызстан азаматы қаза тапқан болатын. Үш қырғызстандық аман қалды. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланады.
Микроавтобус екі көліктің арасына қысылды. Жол апатын тудырған жүк көлігінің жүргізушісі де оқиға орнында қаза тапты.
"Қымбатты отандастар, бұл қайғылы оқиға – бүкіл халқымыздың қасіреті, осыған байланысты 23 тамызды Қырғыз Республикасының аумағында жалпыға ортақ аза тұту күні деп жариялаймын", - деп мәлімдеді Садыр Жапаров.