Қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытты "АгромашХолдинг" ЖШС және "СарыарқаАвтоПром" ЖШС кіретін "Allur компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және акционері болып табылады.
Министрдің айтуынша, жаңа инвестор кәсіпорындары мен шахталарды жаңғыртуға инвестиция салады. Сондай-ақ, "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлері алдындағы барлық міндеттемелерді орындауға міндеттенетінін ескерді.
Ескере кетейік, өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен бірлескен мәлімдемесінде қауымдастықты мемлекет меншігіне беру жөніндегі келіссөздер бірнеше ай бойы жүргізілген. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АрселорМитталдың, сондай-ақ оның еншілес кәсіпорындарының болат және тау-кен өндіру операциялары қызметінің болашақ бағытына қатысты алдын ала келісімге қол жеткізді.