Оқу курсында Орталық Азиядан экспорттаушылар үшін тарихи қалыптасқан логистикалық маршруттар, сондай-ақ бизнесте тауар жолында туындайтын негізгі проблемалар және шекара маңы инфрақұрылымының ерекшеліктері ұсынылған.
Өткен жылы халықаралық Сауда орталығы Сауда және интеграция министрлігімен және «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп әлеуетті және жұмыс істеп тұрған экспорттаушылар үшін халықаралық сауда және экспорт бойынша білім беру курстарының сериясын іске қосты.
2022 жылы 4 негізгі тақырып бойынша 100-ге жуық орта және шағын бизнес өкілдері курстардан өтті: «Халықаралық сауда ережелері», «Экспорт процесі», «ЕО нарығының талаптары», «Сапа және сәйкестік».
Биыл Аs Trade Academy платформасында автомобиль транзиттік маршруттары бойынша бесінші курс қосылды. Оқу курсында Орталық Азиядан экспорттаушылар үшін тарихи қалыптасқан логистикалық маршруттар, сондай-ақ бизнесте тауар жолында туындайтын негізгі проблемалар және шекара маңы инфрақұрылымының ерекшеліктері ұсынылған. Курс www.qaztradeacademy.kz білім беру платформасында тегін қол жетімді, мына сілтеме бойынша: https://www.qaztradeacademy.kz/course/info.php?id=2177
QazTrade Аcademy – тауарларды экспортқа жіберуге мүдделі кәсіпкерлер үшін сыртқы сауда қызметінің барлық бағыттарын қамтитын оқыту платформасы. Платформада жаңадан бастаушыларды да, тәжірибелі экспорттаушыларды да оқытуға арналған тегін тәжірибеге бағытталған курстар, бейне көріністер, дәрістер мен подкасттар бар.