RSS лента

«Minerals.gov.kz» іске қосылды!

  • 27.11.2022, 01:48,
  • 570
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет түрі енді «Minerals.gov.kz» платформасында қолжетімді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР Цифрлық даму министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиялар беру бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған пилоттық жобаны іске қосты. Бұл қызмет түрін «Minerals.gov.kz» бірыңғай платформасы арқылы алуға болады.


Бұрын жер қойнауын пайдаланушылары лицензия беруге өтініштерді бекітілген қағидаларға сәйкес құжаттарды қағаз жүзінде тапсырып отыратын.


Енді 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап жаңа платформа «Minerals.gov.kz» іске қосылды. Бұл өтініштерді электронды түрде қабылдауға мүмкіндік беріп отыр.  Бұл бизнес-процестерді автоматтандыру, жеделдету және оңтайландыру арқылы жұмысты едәуір жеңілдетеді.


Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ИИДМ (miid.gov.kz) және ЦДИАӨМ (mdai.gov.kz) сайттарында «Minerals.gov.kz»-ті пайдалану жөніндегі нұсқаулық жарияланды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости