RSS лента

Теңіз кен орнында қанша жұмысшы қысқармақ?

  • 02.12.2022, 17:32,
  • 307
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: ашық дереккөз
Теңіз кен орнында 6 мыңнан астам адам жұмыстан босатылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Бұл туралы Атырауда өткен облыс әкімі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысында белгілі болды.
«Қазір еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу деңгейі 82,4% құрап отыр. Атырау қаласында 455 мекемеде 28 998, Жылыой ауданында 3 869, Индерде – 213, Исатайда – 276, Мақатта – 117, Махамбетте – 358, Қызылқоғада – 75, Құрманғазы ауданында 478 еңбек шарты бірыңғай жүйеге тіркелмеген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 85%-ға жеткізу үшін басқарма басшылары мен қала, ауданда әкімдері Үкіметтің тапсырмасын жеке бақылауға алуы қажет» дейді облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.
«Теңіз жобасындағы қызметкерлерді жоспарлы босату жұмыс көлемінің аяқталуына қарай жүзеге асырылады. Мәселен, қараша-желтоқсан айларына жасалған болжамға сәйкес 6 159 адам жұмыстан босатылады. Ал, 753 адам басқа жұмысқа ауыстырылады. Биылғы тамызда Атырау облысы әкімдігінің жобадан босатылатын қызметкерлерге қолдау көрсету жөніндегі ұсынысына орай қысқа мерзімді оқыту курстары іске қосылды. Қазір жобадан босатылған 81 адам аталған курстан өтті. Оның ішінде 64 адам жұмысқа орналасты» дейді «Теңізшевройл» ЖШС күрделі жобалар жөніндегі бас менеджердің орынбасары Ербол Жұмағазиев.
«Еңбек келісімшартын жүйелеу, қызметкерлерге әлеуметтік аударымды уақытылы жүргізу қажет. Кез келген мекемеде жалақыға немесе әлеуметтік төлемдерге қатысты ешқандай мәселе туындамауы қажет. Егер басшылар бұл жұмысты жүргізе алмаса, орнын босатуына тура келеді. Басшының салғырттығынан қызметкерлер қиындық көрмеуі тиіс. Қызметкерлер жұмысын адал атқарады, алайда, жалақысы да, әлеуметтік жарнасы да уақытында аударылмайды. Бұлай болмайды. Сондықтан, бұл мәселені бақылауда ұстау қажет» дейді облыс әкімі Серік Шәпкенов.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости