Қарағанды және Атырау облыстары «айналым схемалары» аясында қаржыландырудың жаңа тетіктері бойынша шамамен 2,5 млрд теңге сомаға Тараз және Көксу зауыттарымен кепіл шарттарын жасасты. Шарттар бұрын қол қойылған меморандум аясында жасалды.
Шарттар шеңберінде зауыттар екі облыстың базарларына килограмы үшін 460 теңгеден аспайтын бағамен төрт мың тоннадан астам қант жеткізеді.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев атап өткендей, жақын арада осындай шарттарға Павлодар, Жетісу, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары 5 млрд теңгеден астам сомаға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл ретте шарттарға қол қою рәсімдерін және тиісінше қаражат бөлді Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары кешіктіруде.
Еліміз бойынша өңірлердің әкімдіктері тарапынан төрт отандық қант зауытына шикі қантты сатып алу үшін 25 млрд теңге айналым қаражаты бөлінетін болады.
Қант зауыттарын «айналым схемалары» бойынша қаржыландыру 2022 жылғы 12 қазанда ҚР СИМ Сауда комитеті, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен қант зауыттары арасында қол қойылған қант бағасын тежеу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүргізіледі. Құжатқа сай, қант зауыттары үш айға жететін шикі қант көлемін 136 мың тонна көлемінде сатып алады және жыл бойы тұрақты өңдеуді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде зауыттар сату бағасын белгілеу, өндірісті міндетті түрде жаңғырту, сақтау қуатын ұлғайту және қант саласын дамыту жөніндегі жоспарды орындау бойынша нақты қарсы міндеттемелер қабылдайды.