«Жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу – маңызды іс-шаралардың бірі. Сол себептен, бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сай жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтату көзделген. Мақсат – «Қашаған» кен орны өндірістік нысандарының жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу-өндіру жүйесінің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар мен инспекциялардың жүзеге асырылуын, сонымен қатар өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған бірқатар жұмыстар мен жобалардың орындалуын қамтамасыз ету. Көлемі 2 млн адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындамақ», — деп хабарлады компания.
«Қашаған» – Каспий теңізінің қазақстандық секторында 2000 жылы ашылған мұнай өндірілетін алғашқы ең ірі кен орны. Өндірілетін мұнай қоры – болжам бойынша 9-13 млрд баррель. «Қашағанда» коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылғы күзде басталды.