RSS лента

Бір жылға кредиттік каникул кімдереге берілмек?

  • 14.05.2021, 23:56,
  • 646
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтардың «Еңбек» бағдарламасына қатысуына толыққанды жағдай жасалмай отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Көшуге ниет білдірген отбасы өзі баратын өңірдің ауданы туралы барлық ақпаратқа толық қол жеткізе алмайды. Сондықтан олардың таңдауы шектеулі. Кейбір әкімдіктер отбасын қалаған ауылға емес, әкімдік өзі көрсеткен елді мекенге жібереді. Көшіп барған азаматтардың екінші деңгейлі банктерде несиесі болған жағдайда, алты айдан бір жылға дейін каникул берілсе. Себебі көшіп барған азаматтардың несиелік қарызы болса, оларға субсидия берілмей жатыр.

 

Сондай-ақ, Call-орталықтар тиімді жұмыс істеуі үшін көшуге ниет білдірген азаматтарды бос жұмыс орындары, баспанамен қамту, көрсетілген облыстарда шаруашылықтың қандай түрімен айналысуға болатыны және тағы басқа мәселелерден хабардар ете алатын мамандарды тарту қажет» деді сенатор Әлімжан Құртаев вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости