RSS лента

Шенеуніктің өліміне қатысты әкімдік мәлімдеме жасады

  • 03.11.2025, 18:32,
  • 68
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Құрманғазы аудандық әкімдігі

Атырау облысында 36 жастағы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қайтыс болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Құрманғазы ауданында болған суицид дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде» делінген облыстық ПД мәліметінде.


Өз кезегінде аудандық әкімдік те болған жайтқа орай хабарлама жасады.


""Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұжымы - Имашев Қуаныш Мусаұлы қайғылы жағдайда өмірден өткені жайындағы хабарды зор өкінішпен растайды. Орны толмас қазаға байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтамыз. Істің мән-жайын құзырлы құқық қорғау органдары анықтауда. Құрманғазы ауданы әкімдігі тергеу шараларына қолданыстағы процедуралар шеңберінде тиісті қолдау көрсетуде. Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтан расталмаған ақпараттар таратпай, негізсіз болжам жасамауды сұрайды" делінген аудандық әкімдік хабарламасында.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости