Мәселенің мән-жайын білу үшін біз аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлхат Хамзаға хабарластық.
"Биыл 22 қаңтарда Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының аула сыпырушысы аумақтағы бұтақтарды өз бетінше кесу кезінде жарақат алды. Ол жедел түрде ауруханаға жатқызылды. Алдымен аудандық ауруханаға, содан кейін облыстық ауруханаға ауыстырылды. Жұмыс беруші заңнама шеңберінде құқықтық сүйемелдеу мен материалдық көмекті қоса алғанда, қолдау көрсетеді. Осы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы мен құқық қорғау органдарына хабарланды, тексеріс жүргізілуде" дейді ол.
Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, ондағылар бұл жайтқа қатысты ақпарат бере алмайтынын жеткізді.