RSS лента

Атыраулық полицейдің отбасындағы жаңалық елді сүйсінтті! (+видео)

  • 02.10.2024, 14:04,
  • 234
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 29 жастағы Арай Ерғалиева үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Нәрестелердің үшеуі де ұл бала. Сәбилердің салмағы 2 келі 249, 2 келі 533, үшіншісі 2 келі 608 грамм.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, сәбилерді үйге шығару рәсімінде Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қазбек Ермағамбетов қатысты.

 

 

Үшемдердің анасы Арай– Құрманғазы ауданы, Сафон селосының тұрғыны. Бұл үшінші жүктілігі. Мұрабек пен Арай бұған дейін бір ұл, бір қыздың ата-анасы.

 

- Отбасымызға осындай қуаныш сыйлап жатқан келінімізге үлкен рахмет айтамыз. Бірден үш сәби әкелу ол әрине оңай емес. Үйде күтіп отырған үлкен әжесі бар. Сәбилерге Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет деп ат қойдық. Периниталдық орталығының дәрігерлеріне үлкен рахмет айтамын. Аман-есен сәбилерді босандырып, бізге табыстап жатыр. Еңбектеріне табыс тілейміз, - деді кішкентай батырлардың атасы.

 

Сәбилерге Денсаулық сақтау басқармасының атынан коляска сыйға тартылды.

 

Анықтама үшін айта кетейік, жыл басынан бері облыста үшемдердің туылуы екінші жағдай.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости