RSS лента

Қазақстанда 500 грамдық сәби дүниеге келді

  • 26.09.2023, 01:17,
  • 341
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Атырау облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген ең кішкентай сәбидің салмағы – 503 грамм, бойы – 28 сантиметр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жас ана Анаргүлдің тұңғышы осыдан бес ай бұрын біздің дүниеге келді. Содан бері  бүгінгі күнге дейін  орталығымызда сәбиге барлық қарқынды ем-шаралар  көрсетілді. Постконцептуалды жасына байланысты 13 қыркүйек күні  әрі қарай емін жалғастыру үшін Атырау облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. 

 

Орталықтың баспасөз хатшысы Нұргүл Ысмағұлованың айтуынша, сәбидің салмағы – 2 келі 500 граммға жеттіЖағдайы қалыпты. Алайда, шала туылғандықтан  оттегіге тәуелді, сол себепті әлі де СРАР (түтікшесіз  кислород беру ) аппаратына қосылған.

 

«Әзірге СРАР аппаратынан ажырату мүмкін емес, өйткені алғаш туылғанда өкпесі өте кішкентай болған. Сол себепті оның оңалып, қалыпқа келуі үшін кішкене  уақыт керек. Әрі қарай облыстық балалар ауруханасынан қарқынды ем-шараларды қабылдайтын болады» дейді дәрігерлер. 

 

Сәбидің анасы Анаргүл  – 35 жаста.  Айтуынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасымен жас ана мемлекеттен тегін квота алу арқылы ЭЖҰ-мен (ЭКО) босанған.

 

«Осы уақытқа дейін біздің отбасыда басты арман – сәби сүю болды. Сәби сүйеміз деп бірнеше рет ЭЖҰ жүйесіне, жасанды ұрықтандыру әдісіне жүгінген болатынбыз. Осымен бесінші рет «ЭЖҰ» жасатқан едік. Жүктілігім сәтті болып, енді сәби күтіп жүргенде 22 аптада ауырып, осы орталыққа келдім. Дәрігерлердің бақылауында болып, 22 аптада табиғи жолмен босандым. Сәбилерім егіз болып дүниеге келді. Онымен, сәбиімнің біреуі төрт сағаттан кейін шетінеп кетті. Қатты стресс алғаным сонша, бұл қызымның да аман қалуына сенер-сенбестік танытқан едім. Қатты қорыққанымнан сүтім тартылып кетті. Бірақ, үзіліп бара жатқандай болған үмітімді жалғаған перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне ризашылығымды білдіргім келеді. Бірінші Алла, екіншіден ақхалатты жандар орталық директоры Қазбек Айжарықұлы бастаған ұжымның қызметкерлеріне, дәрігерлер Гүлмира Мерхатқызы мен Алмагүл Байғалиқызы, Руслан Сабырханұлы, Айдана Ғалымжанқызы, Гүлбаршын Отарғалиқызы, Аслан Асанұлына  және орталықтың балалар жансақтау бөлімінің дәрігерлері мен медбикелеріне қатты риза болдым. Олардың кәсіби шеберліктеріне таңданысымды білдіріп тек басымды иемін» дейді жас ана көзіне жас алып.

 

Орталығымыздағы дәстүрге сай, алақанның көлеміндей ең кішкентай салмақта дүниеге келген нәрестелердің «қарын шашын алу», «қырқынан шығару» секілді ырымдарды да дәрігерлеріміз жасады. Біреуі тырнағын алып, екіншісі шашын алып шақалақтың үлкен өмір жолына ізгі тілектерін жолдап, жақсы сөздерін арнады.

 

Жас ананың ендігі арманы – сәбиінің тыныс алу аппаратынан ажырап, өз еркімен дем алғанын көру. Ол үшін облыстық балалар аурханасының  дәрігерлерінің шеберліктеріне сенім артып, баласының сап-сау болып шығатынына сенеді.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости