RSS лента

Садақаны дұрыс беріп жүрміз бе?

  • 08.04.2023, 02:39,
  • 419
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Пайғамбарымыздың «Ысырапшылық жасамай, сараңдық қылмай отбасы үшін жұмсағандарың Алла жолында жұмсалғанмен тең» деген сөзі бар, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Пітір садақасы – қасиетті Рамазанның соңына жеткен және күнделікті қажетінен басқа нисаб мөлшеріндей (80.18 гр. алтын не құны соған бара-бар) мал-мүлкі бар әр мұсылманның беруі уәжіп саналатын садақа. Рамазанда ораза ұстай алмаған науқасқа, сапардағы және ораза тұта алмайтын қарт кісіге де, пітір беру уәжіп болады. Пітір садақа, хадистермен бекітілген уәжіп амал. Зекет парыз болмай тұрып, ораза парыз етілген жылда уәжіп болған. Пітір садақа, оразаның қабыл болуына, өлім мен қабір азабынан құтылуға себепкер. Жоқ-жітіктің қажетін өтеп, мереке қуаныштан олардың да құр алақан қалмауына көмек болады. Ресми mazhab.kz сайты мәлім еткендей, пітір садақа ораза айттың бірінші күні таң намазының уақыты кіргеннен бастап уәжіб болады.

 

Алайда, кедейлер осы арқылы айт намазынан бұрын керектерін алсын деп алдын-ала беру мандуб. Пітір садақа Айт мерекесінің бірінші күні таң атысымен уәжіб болғандықтан, таң атпай дүниеге сәби келсе, ол үшін де пітір садақа беру уәжіб болады. Егер таң атқан соң дүниеге келсе, беру қажет емес. Әрбір мұсылманның өзі мен балиғатқа толмаған мүлкі жоқ баласы үшін пітір садақа беруі уәжіб. Балиғат жасындағы және дүние-мүлкі бар баланың пітірі әкесіне уәжіб емес. Балиғатқа жеткен баласының пітір садақасын бергісі келген адам, оның рұқсатымен бере алады. Өз отбасы, өз қарауында болған жағдайда рұқсат алмай-ақ бере беруіне болады. Адам өз пітір садақасын мүлкі жоқ жұбайына, анасына, әкесіне немесе ұлына бере алмайды. Пітір садақаны айт намазынан кейін беру мәкруһ. Дұрысы намаздан бұрын беру.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости