Мейрамханадағы төбелестен бір адам комаға түсіп кетті
- 29.01.2025, 16:40,
- 1 001
- 0
- Автор:
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Желіде атыраулық азамат «Beer House Villa» мейрамханасында болған төбелестен кейін комаға түсіп кеткені жөнінде ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Біз мәселенің мән-жайын облыстық полиция департаментінен сұрастырып көрдік.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 106 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.